Аурудың алдын алуға көп көңіл бөлу керек

Елбасының  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы  дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында халықтың денсаулығын жақсартудың жаңа мүмкіндіктері мен денсаулық  сақтау саласының жаңа кезеңдері айқындалған болатын.  Онда қазіргі денсаулық  сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, аурудың алдын алуға бағытталуы керектігі, салауатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту, жастардың репродуктивті денсаулығын қорғауға халық денсаулығын жақсартудың бірқатар өзекті мәселелері айтылып, сол  бойынша жүзеге асырылуы тиісті іс-шаралар  белгіленген болатын. Міне, осы бағыттарды жүзеге асыруды қолға алған  Алатау ауданына қарасты №23 емхана ұжымы аудан тұрғында­рының денсаулығын жақсарту мен аурулардың алдын алу шараларын жоспарлы түрде қолға алып отыр.  Сол шаралардың ішіндегі ең маңыздысы – скринингтік тексерулерді сапалы жүргізу,  жүйкесінде ауытқуы бар адамдардың уақытылы емделіп, сауықтырылу жұмыста­рын жақсарту, сондай-ақ, емханадағы «Денсаулық»  мектеп­тері мен Жастар денсаулық орталықтарының жұмысын жандандырып, жастар арасында еріктілер тобын құру  жұмыстарына, онкологиялық аурулар мен туберкулездің алдын алу жұмыстарын жандандыру  емхана қызметкерлерінің  басты міндеттері болып отыр, – дейді аталған емхананың бас дәрігері Сәуле Ахатқызы Әшен.

Емхана дәрігерлері мен мейірбикелері, әлеуметтік қызметкерлер тұрғындар арасында МӘМС жүйесін түсіндіру жұмыстарын жалғастыру үстінде.   Емхананың дәрігерлері аурудың алдын алуға көп көңіл бөлген жөн. Ол үшін скринингтік тексерулерден өтуге  мән берген дұрыс. Осы тексерулердің нәтижесінде қазір көптеген, оның ішінде қатерлі ісік ауруларын  ерте кезеңде анықталуына қол жеткізіп отырмыз, – дейді №23 емхананың дәрігерлері. Айтса айтқандай, ерте анықталған аурудың емі де ерте табылады.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *