АУРУДЫ АҒЗАДАН АЛАСТАУ АМАЛЫ

Людмила ПУЧКО

9-тарау

ЭНЕРГИЯ АРНАЛАРЫН РАДИЭСТЕЗИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ӘСЕР ЕТУДІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ

9.12. Бауыр арнасы, F (французша), 1-3 сағат, «инь» арнасы.

Өт қабы арнасынан өкпе арнасына энергия жібереді. Сыртқы жолының 14 нүктесі бар, І башпайдың тырнақ түбірінен (F1 нүк­теден) басталып, одан әрі 20, 23-сурет­тегідей ретпен жүреді де, F14 нүктесінде аяқталады.

Арнаның ішкі жолы F13 нүктеден басталып, VC10 нүктесін (кіндіктен 2 цуньдай жоғары) иіндей отырып, қарын жанымен өтеді де, бауырға дейін жетеді, сондай-ақ, өт қабымен байланыс жа­сайды. Ішкі жолдың екі тармағы бар. Біріншісі бауырдан басталып, F14 нүк­тесін сыртынан айнала, одан әрі көк ет, көкірек қуысы ар­қылы өрлей отырып, тамақтың артқы жағын, жұтқын­шақты бойлай жүреді де, көзбен байланысады, сол жерде екіге: жоғарыға және төменге кететін тарамдарға бөлінеді. Жоғары тарамы бастың маңдай және төбе тұсы­нан өтіп, VG20 нүктеде артқы-ортаңғы меридианға қосылады. Төменгі тарамы беттің сырт жағымен өтіп, ерін ішінде иінделеді. Ішкі жолдың екінші тармағы да бауырдан басталып, көк ет арқылы өкпеге жетеді де, сол жерде өкпе арна­сының ішкі жолымен байланысады да, алдыңғы-орта арнаның VC12 нүктесінде аяқталады.

Арнадағы энергия дисбалансының себептері:

— тамақ пен сусынның мөлшерден тым артық ішілуі;

— қант пен ішімдікті; тоң майларды, тазартылған өсімдік майын; ұн тағам­дарын, нанды, макарон түрлерін шектен тыс көп тұтыну;

— ұйықтар алдында тамақ ішу (тіпті, бір шайнам астың өзі түбінде бауырды істен шығарады).

Бауырдың қызметтік міндеті

Бауыр дегеніміз – өт, гликоген мен зәр бөліп шығаратын бір тұтас лаборатория. Майларды ыдыратып, бойға сіңіруге, сондай-ақ, ішектің қозғаушы қызметіне ықпал етеді. Өт сұйығын қордалау қыз­метін атқарады.  Гликоген қантты глю­козаға айналдырып, осы заттектерді организмдегі өзгерістердің қажеттілігіне орай қордалап отырады. Ал, зәр дегеніміз – ыдыраған ақуыз өнімдерін организмнен шығарып тастау үшін пайдаланылатын сәл уыттылау қарапайым сұйық. Бауыр организмді уланудан қорғайды. Мине­ралдық, органикалық, дәрілік уыттарды, инфекциялық бактерияларды талқандап, жояды. Организм жасушаларының жұ­мы­сы барысында зат алмасу қалдық­та­рын немесе метаболизмді залалсыз­дан­дырып, гемоглобинді билирубинге (бауыр­дың қызыл пигменттері) және биливердинге (сары пигменті) айналдыру үшін пайдаланады. Бауыр қалыпты әрі сау-саламат организмде майларды ыды­ратады. Организмде май шектен тыс көп болса, оның жұмысы ауырлап, бүліне бастайды, сондықтан денеден артық нәрсені шығарып тастау керек. Майды тым артық пайдалану салдарынан бауырдың қызметі ақаушылыққа ұшы­рап, жасушалары істен шығады, соның салдарынан оның көлемі ұлғая түседі.

Бауырдағы энергия дисбалансының нышандары: 

1. Ауыз  ұдайы құрғай береді.

2. Бауыр тұсы шаншып, еңкею де, шалқаю да қиындайды.

3. Терінің түсі қашып, бозарып кетеді.

4. Еркектердің шабында жарық пайда болады.

5. Әйелдердің қарнының асты мен жамбасы іседі.

6. Әбден асқынған кезде кеуде қысып, жүрек байланғандай болады.

7. Жүрек айнып, іш өтеді.

8. Дәретке отыру қиындайды.

AK158.p65Ескерту: ішкі ағзалардың төмен түсуі байқалған кезде кіндіктің орталығына банкі қояды.

Қалыпты нүктелер:

қоздырушы — F8,

жайландырушы  — F2,

диагностикалық  — F14,

қайнаркөз — F3,

ло-пункт — F5 (қуық қабы арнасына өткел),

сезімталдық —VІ8.

Алғашқы жәрдем:

1. Бауыр ауырғанда, диабетте, құяңда; ұрық безі мен жыныс мүшесінің жұқпалы ауырғанда, түнде зәр шығарып қойғанда; кіндік тұсы шаншып, қарынның төменгі бөлігі қызғанда — F1.

2. Есіріп, ашу-ыза қысқанда, жиі күр­сініп, ауыз қисайып кеткенде, қоян­шық ұстағанда, ауыз құрғап, жөтел буғанда, қа­талап  шөлдегенде, жүрек пен бауыр шы­дат­пай ауырғанда, тізе буындары ісіп кет­кенде, қол мұздап, бүккен сайын ауыра­ғанда  — F2.

3. Қарынның төменгі жағы түйнеп, жатырдан қан кеткенде, босанғаннан кейін қарақошқыл түсті қан көрінгенде, қан құсқанда, ерін ісініп кеткенде (әсіресе, әйелдердің), жүрек айнығанда, іш өтіп, қан аралас нәжіс тастағанда — F3, 4, 5, 6.

4. Шаншу қадалып, қан-ірің аралас нәжіс тастағанда, арна бойымен жамбас­тың ішкі жағы ауырғанда, бауыр ауыр­ғанда — F8.

5. Өкпе қабынғанда, ұйқысыздықта, маубастыққа шалдыққанда, себепсіз қызу көтерілгенде, малшына терлегенде немесе қанша тырысса да терлей алмағанда — F10.

6. Ас қорыта алмай, ішті жел керне­ген­де, іш кепкенде, жөтел қысқанда, бауыр мен өтағар ауырғанда, бет әлпет көгеріп, терісі сарғыш тартқанда, арық­тағанда, мол тамақты толық қорыта алма­ғанда (яғни, семіріп кеткенде), босану барысында қи­налғанда, бауыр дұрыс жұмыс істеме­генде, босанғаннан кейін жұқ­палы ауруға шал­дыққанда, іш қатайып, қарын үсті қызу­лағанда — F14 нүктесіне массаж жасайды.

Арнадағы энергия дисбалансын алас­тау үшін ең белсенді сәтінде (1-3 сағатта) оған немесе есептеу тәсімі (9.15-сурет) бойынша басқа арналарға екі-үш апта бойы массаж жасау керек, сонда дисба­ланс нышандары өздігінен кетеді.

Биоэнергетикалық массаж жалпы тәсім бойынша жасалады (9.16-сурет).

Биоэнергетикалық массажға шөппен емдеу тәсілін қосымша пайдаланып, қияр шөбінің шырыны (тұнбасы) мен түйме­шетен тұнбасын ішу керек (сонда күй­зелісті жағдайға ұшыраған адамның  күйі жақсарып, көңілі көтеріледі).

Шөп түрлері, ішу мөлшері мен ұзақ­тығы Р-әдіспен анықталады.

Аударған – Мақсот ІЗІМҰЛЫ. (жалғасы бар)

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *