АУРУДЫ АҒЗАДАН АЛАСТАУ АМАЛЫ

AK150.p659-тарау

ЭНЕРГИЯ АРНАЛАРЫН РАДИЭСТЕЗИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ӘСЕР ЕТУДІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ

Людмила ПУЧКО

Өт қабы арнасы,  VB, 23-01 сағат,  «ян» арнасы

Арнаның сыртқы жолында  44 нүкте бар, ол көздің сыртқы бұрышындағы VB1нүктеден басталып, одан беттің қаптал жағымен және бастың құйқалы жерімен күрделі траектория жасайды (19, 23-суреттер). VB21 нүктеде дененің үш бөлігі арнасымен қиысып, содан соң VG14 нүктесінде ян-меридиандардың барлығымен тоқайласады да, өт қабының VІІ нүктесіне барады, одан соң ащы ішектің ІG12 нүктесіне өтіп, асқазан арнасының Е12 нүктесіне жетеді, сол жерде өт қабының ішкі жолы басталады. Одан арғы сыртқы жол 19,23-суреттерде көрсетілген. Арна ІV бәшпайдың тырнақ түбірінен 0,3 см. қашықтықта орналасқан VB44 нүктеде аяқталады.

Сыртқы жолдың екі тармағы бар (қараңыз: 23-сурет). Біріншісі VB20 нүктеден басталып, дененің үш бөлігі арнасының  TR17 және ащы ішек арнасының ІG19 нүктелеріне өтіп, одан әрі VB1 нүктесіне, одан асқазан арнасының Е5 и Е1 нүктелеріне барады да, Е12 нүктесіне түседі. Екінші тармақ табандағы VB 41 нүктесінен басталып, І бәшпайға қарай өтеді, сол жерде бауыр арнасымен байланысады.

Арнаның ішкі жолы бұғана шұңқырындағы Е12 нүктеден басталып, көкірек қуысына барады да, бауырмен байланысып, өт қабына кіреді. Осы жерде ішкі жол тармағы басталып, құрсақ қуысындағы ЕЗ0 нүктеде иін жасап, қаса  сүйекті айналып өтіп, жамбас буынына кіреді, осы жерде өз арнасының сыртқы жолына ұласады (Міне, сондықтан, жамбас буыны (VB30 нүктесі) ауырса, өт қабы арнасын тексеру керек).

 

Қалыпты нүктелер:

қоздырушы — VB38,

диагностикалық — VB24,

ло-пункт — VB37 (бауыр арнасына өткел),

қайнаркөз — VB40,

сезімталдық нүкте — V19.

Өт қабының қызметтік міндеті мен маңызы:

Өт қабы жеген тамақты ыдыратып, бойға сіңіруге қажетті бауырдың белсенді сөлін жинақтап, шоғырлан­дырады. Мұндай сөлді «өт» деп атайды, ол ас қорыту барысында бөлінеді.

Өт еркін май қышқылдарын (холестирол мен лице­тин) ерітіп жібереді. Өт сұйығының түсі екі пигментпен:  билирубинмен және уробилинмен анықталады.

Ас қорыту кезінде тамақ қойыртпағына құйылатын өт сұйығы онымен ащы ішекте араласады да,  майларды қорытуға, бойға сіңіруге ғана емес, сондай-ақ,  ішек ішіндегі шіру үдерісіне жол бермейді, оның жиырылып, қалдық атаулыны нәжіс ретінде шығарып тастауына ықпал етеді. Нәжісте оларға тән құба қоңыр түстің болмауы пигменттер ішекке жетпей, бірден қанға барғандығын, сары ауру (тері қабаты мен ақуыздардың сарғайып кетуі) немесе холемия кеселін (зәр сыраның түсіндей болады) туындатқанын білдіреді.

AK150.p65Бауыр, талақ және өт қабы өт сөлін бірлесіп шығарады. Өтағар жабылып қалған немесе әлгі аталған ағзалардың бірі нашар жұмыс істей бастаған кезде өт сөлінің жинақталу үдерісі бұзылады, оның ағу бағыты, бөліну мөлшері өзгереді, соның салдарынан түрлі ауру-сырқау меңдей бастайды.

Өт қабы қызметін мынадай факторлар бұзуы мүмкін:

— тамақты тым артық жеу;

— мал етінен пісірілген тағамдарды; холестерині мол тамақ түрлерін; тазартылған қантты; тазартылған бидай өнімдерін көп тұтыну;

— түрлі дәмдегіштерді, уыттағыштар мен хошиістендіргіштерді, есірткілерді, дәрі-дәрмектерді, жасанды дәрумендерді жиі пайдалану (пени­циллинмен В6, B12 дәрумендерін бірге тұтыну денсаулыққа аса зиянды);

— тамақты дұрыс шайнамау, дене қимылының аздығы.

Арнадағы энергия айналымының бұзылуына байланысты сырқат-кеселдер

Ішкі жолдағы энергия айналымы бұзылғанда: 

— дискинезия (өт қабы ырғағының жаңылуы),

— холецистит,

— жүрек айну, запыран құсу,

— асқазан-ішек жолдарының ауруы басталады.

Сыртқы жолдағы энергия айналымы бұзылғанда:

— самай  тұсы шаншып, желке тартуы  (меридиан жолы бойымен),

— бұғана үсті ауырып, қабыртқааралық невралгия ұстауы,

— санның жоғарғы жағы сыздап, тізе буынының сырқырауы,

— жіліншік пен толарсақтың ауруы,

— табан сырты мен бәшпайлардың ұйыуы,

— көз аурулары, құлақ шуылдап, тосаңдануы,

— мұрыннан қан кетуі, тіс ауруы белең алады.

Басқа да ауру-сырқаулар: жөтел, алқыну, бронх демікпесі,  өкпе талаурауы, ұршық сырқырауы, жүйке-психика кеселі, қояншық ауруы.

 

Арнадағы энергия дисбалансының бастапқы белгілері:

1. Бет әлпет сұрланып, жасыл немесе бозғылт түске енеді, ал тері қабаты өзінің жылтырлығын жоғалтады.

2. Ауыз күйік татып, бауыр асты шанши береді.

3. Бүйір мен жүрек тұсы түйнеп, денені бұрылтпайды.

4. Аяқ табандары жанып бара жатады.

Мұндай сырқат нышандары өт қабының қызметі бұзылғанын, ауру бойды меңдеп келе жатқанын аңғартады.

Ауру меңдей бастағанда дене біресе ысынып, біресе суынып, қара тер қаптайды, көздің сыртқы құйыршығы, бас шүйделері, самай тұс ауырып, иек тартады, қолтық безі ісініп, жамбас, тізе мен буындар сырқырайды. Мұндай жағдайда ащы ішек қуатын жайландыру, яғни, ащы ішек арнасына массаж жасау керек.

 

Алғашқы жәрдем:

1. Күндізгі жарықта көз көрімі  күрт нашарлап (тауық көз), қалыпты сәулеге қарай алмай, күңгірт көзілдірік кигісі келгенде, көздің қышығанда, бас ауырып, «сақинасы ұстағанда», көзге салқын тиіп, жас парлағанда — VB1,

2. Беттің бұлшық еті тартылып, ауыз бен көз қисайғанда; аяқ-қол салданып, дене қызметінің бұзылуына апарып соғатын қан тамырларының бітелуі салдарынан апоплексияға ұшырағанда; үнемі еңсе езіліп, көңіл жабырқағанда; ұдайы әбігерленіп, алып-ұшып тұруға бейіл ессіздікте; қызыл еті сыздап, тіс босағанда, бет ісіп, жақ  қарысып, тамақ шайнай  алмағанда; суық ауа мен желден, тіпті, салқын тамақтан тітіркенгенде, ауыз көпіріп кеткенде —  VB2,

3. Бас ауырып, құлақ шуылдағанда, қояншық ұстағанда, бас айналғанда, көз ауырғанда  — VB7, 8, 9, 14,

4. Бронхы демікпесінде, алқым тарылғанда, тонзиллит, анемия, уремияда, мұрынның шырыш­ты қабатының, құлақтың, көздің инфекциялық ауруларында  — VB20,

5. Тыныс жолдары ауруларында, өт жолда­рына қатты салқын тигенде, бауыр ауырғанда, бүйрек жіті жұқпалы кеселге шалдыққанда, қан қысымы көтерілгенде, іш қатқанда, жыныс ағзаларына ауру жұққанда, аталыққа және жатырға салқын тигенде   — VB27.

6. Әлсізденіп, белсенділік азайғанда (негізгі зат алмасулар деңгейі төмендегенде),  организмде су көбейгенде, өтағар мен ішектерге салқын тигенде, сары ауруда — VB34.

7. Әйелдің жыныс ағзасы жұқпалы ауруға шалдыққанда (шектен тыс ірің ағып, зең басқанда)  — VB34 нүктелеріне әсер ету керек.

Арнадағы энергия дисбалансының алғашқы белгілері білінген кезде өт қабына оның ең белсенді шағында (23-01 сағатта) немесе есептеудің жалпы тәсімі (9.15-сурет) бойынша анықталатын сағатта өзге арналарға массаж жасау қажет.

Массаж жалпы тәсім (9.16-сурет) бойынша жасалады.

Дисбаланс бой бермей кеткен ретте шөппен емдеу тәсілін қосамыз:

— Қара шалқан сөлін (бауырға салқын тигенде, өтағар созылмалы ауруға шалдыққанда мың да бір ем, бауыр мен өт қабы ауруларының алдын алу үшін де ішеді);

— Бақбақтың шырыны (бауырдан өттің шығуын шапшаңдатады);

— Түймешетен (бауырды тазартады). Бұларды ішудің мөлшері мен уақыты Р-әдіспен анықталады.

  Аударған – Мақсот ІЗІМҰЛЫ. (жалғасы бар)

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *