АУРУДЫ АҒЗАДАН АЛАСТАУ АМАЛЫ

AK146.p659-тарау 

ЭНЕРГИЯ АРНАЛАРЫН РАДИЭСТЕЗИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ӘСЕР ЕТУДІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ

Дененің үш бөлігі арнасы, TR (французша), 21-23 сағат, «ян» арнасы

Оны «үш жылытқыш арнасы» немесе «үш шамшырақ желісі» деп те атайды, өйткені, ежелгі тәуіптердің пайымы бойынша адамның тұрқы үш:

— жоғарғы (көк етке дейінгі),

— ортаңғы (көк еттен кіндікке дейінгі),

— төменгі (кіндіктен төмен) бөлікке бөлінеді.

Арнаның сыртқы жолының 23 нүктесі бар (18, 23-сурет), ол ІV саусақтың (шылдыр шүмектің) тырнақ түбірінен шынтақ жаққа қарай 0,3 см тұста орналасқан TR1нүктеден басталып, қолдың сыртқы-ортаңғы желісі арқылы TR13 нүктесіне дейін көтеріледі де, содан соң иықпен жауырын тұсына барады, одан әрі TR15 нүктесінен иықтың қарсы бетіне өтіп, бұғана шұңқырының ортасына жетеді, сол жердегі Е12 нүктесінде асқазан арнасына ұласады.Е12 нүктесінен сыртқы жол арқаға қайта оралып, VG14 нүктесінде ян-арнаның барлығымен қосылады. Одан кейін 18-суреттегідей TR23 нүктесінде тәмәмдалады. Осы нүктеден VB1 нүктесіне қарай тармақталады, осы тұста дененің үш бөлігі арнасы қуық арнасына тоғысады (23-сурет).

Дененің үш бөлігі арнасында екі ішкі жол бар. Біріншісі Е12 нүктесінен басталып, кеуденің жоғары бөлігі (жоғарғы жылытқыш) арқылы VC17 нүктенің проекциясына дейін жетіп, жүрек қабымен байланысу үшін тармақталып, көк етке, дененің орта (ортаңғы жылытқыш) бөлігіне өтеді де, VC12 нүктеде иін жасайды, содан дененің төменгі (төменгі жылытқыш) бөлігіне барып,VC7 нүктеде иіледі.

Екінші ішкі жол TR18 нүктеден басталып, құлаққа кіреді де, TR21 нүктеден шығады.

Арнаның ерекшелігі:

Арна тыныс алу, ас қорыту және жыныс жүйесін биоэнергиямен қамтамасыз етіп, мына ағзаларға: өкпеге (тыныс алу), ащы ішекке (сіңіру үдерісі), бүйрекке және сонымен тығыз байланысты жыныс ағзасы мен жүрекке күш-қуат жеткізеді.

Үш жылытқыш деген не?

1-жылытқыш организм жасушаларындағы сілтілену үдерісін (тыныстау, оттегі есебінен) энергиямен қамтамасыз етеді.

2-жылытқыш қоректік тағамдардың қышқылданып, қорытылу, қатқылдығынан айрылып, газға айналу үдерісін күш-қуатпен қамтамасыз етеді.

3-жылытқыш жыныс органдарын күш-қуатпен қамтамасыз етеді.

Үш жылытқыш жұмысы дене температурасын тұрақ­тандыруға септеседі. Егер де олардың бірі істен шықса, онда өзге жылытқыштар есебінен қарымын күшейтіп алады.

Тері қабатының салқындықты сезініп, парасимпатикалық жүйке жүйесіне «хабарлауы»:

1. Қышқылдану үдерісін күшейтіп, терең тыныс алмай-ақ, өкпенің оттегі тұтынуын ұлғайтуды;

2. Күш-қуат бөле отырып, көп мөлшердегі тамақты сіңіруді және оны қышқылдандыруды;

3. Мықты қуат көзін ашатын жыныстық инстинктіні қалпына келтіріп, биоэнергия ағынын күшейтуді, сондай-ақ, бүкіл денеге жылу таратуды қамтамасыз ететін бір, екі, тіпті, кейде үш жылытқышты өздігінен іске қосады.

Жыныс ағзаларының қызметі ақаушылыққа ұшырап, долық сезімі солғын тартқан кезде организмдегі жылыту үдерісіне жейтін тағам мен жұтатын ауа мөлшерін ұлғайту, сондай-ақ, сыртқы жылу көздерін пайдалану (қарттар тоңса, қалың киінеді, әтектер тамақты көп жеп, семіреді) арқылы ғана септеуге болады.

Қалыпты нүктелер:

қоздырушы — TR3,

жайландырушы — TR1O,

ло-пункт — TR5 (білезік қыртысынан 3 цуньдай жоғары),

қайнаркөз — TR4,

сезімталдық — V22,

диагностикалық:

VC5 – барлық арнаның,

VC 17 – жоғарғы жылытқыштың (тыныстау),

VC12 – ортаңғы жылытқыштың (ас қорыту),

VC7 – төменгі жылытқыштың (долықтау) нүктелері

Қызуды көтеру үшін (бұл денені мұздап қалғанда өте пайдалы) TR4, TR10 нүктелеріне массаж жасау қажет.

Энергия дисбалансының алғашқы нышандары:

1. Бойдың жылынбауы немесе ауа райы құбылғанда мұздап, қатып қалу;

2. Ыстықтан берекесі қашып, қалыпты температурада аяқ-қолдың мұздауы (саусақтардың тоңуы);

3. Шынтақтың толық бүгілмеуі немесе жазылмауы;

4. Жүрек деңгейіндегі омырт­қаның ауыруы (денені кеуде тұстан жан-жаққа бұра алмау); 5. Тер шықпаса да дене қызуының көтерілуі;

6. Жүректің оқыс шаншуы;

7. Сілекей құсып, қояншық ұстауы;

8. Жойдасыз ойлар жайлап, ғажайып түстер көріп, үрей билеуі;

9. Қызыл иек пен тістердің ауыруы;

10. Тамақты сілекей буып, безінің ісінуі;

11. Аяқ асты сақаулану – ойдағы сөзін айта алмау;

12. Ауыздың құрғап, сіле­кейдің сарқылуы;

13. Тәбет қашуы (мұндай жағдайда қандай да бір тамақты жеуден тыйылған жөн).

14. Құлақтың шуылдап, ауыруы, дұрыс естімеу, ке­неттен саңырау болып қалу;

15. Емшек кезігі (бө­бе­шіктің түбіне салқын тию;)

16. Көздің шырыш­ты қа­батының қыза­рып, суық­тауы (әсі­ресе, көздің сырт­қы бұрышы ауыра­ды).

Меридиандарға әсер етуге апаратын жағдайлар:

— жылу ретті­лігі­нің бұзылуы, ыстық пен салқынға шы­дай алмау­шылық, дисептикалық кеселдер;

— білектің, бұға­на сыртының, иық пен жауы­рынның, мойын мен желкенің ауыруы;

— бас ауыруы, бас айналуы мен құлақтың шуылдауы, саңы­рау­лық, отит, мұрын ауыруы, емшек ке­зігі, қол буынын­дағы артриттер, көз ауру­лары;

— жан күйзе­лісі, еңсесі езілу, ұйқы басу.

 

AK146.p65Алғашқы жәрдем:

1. Лоқсығанда, тамаққа инфек­циялық кесел тигенде, ауыз құрғағанда, тіл ауызға сыймай, тәбет қашқанда — TR1.

2. Бас сақинасы ұстағанда, самай тұсы солқылдағанда, құлақ тосаңданып, көз инфекциялық кеселге шалдыққанда — TR5.

3. Иық буындарының ревматизмі, білекке салқын тиіп, артритке ұшырауы — TR11. (Ескерту: алғашқы жәрдем көрсеткенде қол көтеріп отыру керек. Осы нүктені батыра әрі ұзақ басу керек ).

4. Иықтар қозғалтпай, лимфатикалық бездер мен тораптарға салқын тигенде, жауырыны, мойын шаншығанда — TR12, 13, 14.

5. Құлақ жарғағына, евстах түтікшесіне (құлақтағы) салқын тигенде, құлақ шуыл­дағанда, мұрыннан қан кеткенде — TR18 – 21 нүктелеріне массаж жасау қажет.

Арнадағы энергия дисбалансының бастапқы нышандары байқалған кезде оның ең белсенді шағында (21-23 сағатта) есептеу тәсімі бойынша анықталатын (9.15-суреттегі) өзге арналарға массаж жасаған жөн. Массаж жалпы тәсім бойынша жасалады (9.16-сурет).

 Людмила ПУЧКО (жалғасы бар) Аударған – Мақсот ІЗІМҰЛЫ

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *