«АУЛАНЫҢ ТАЗАЛАНБАУЫ – АЙЛЫҚТЫҢ АЗДЫҒЫНАН»

дейдi тұрғындар мен аула сақшылары

 3.2Әсел ДАҒЖАН

Шаһардағы тұрғын үй аула­лары­ның тазалығы Экология инспек­циясының тексерiсiнен өтпей қалды.

Осыдан үш апта бұрын Медеу ауданына қарасты Пушкин көше­сiнде орналасқан балалар алаңы суретке түсiрiлiп, аудан әкiмшiлiгiне жiберiлген. Бос қалған консервiлердiң құтысы мен тозған аяқ киiм­дердiң әр жерде қоқыс болып жатқаны пәтер иелерi кооперативтерi төрайымын еш алаңдатпаған. Салғырттықтың сал­дары айыппұл төлеуге мәжбүрледi. 

Бейсенбi күнгi аудан аулаларына жүргiзiлген рейд соңы – айыппұл салумен, «аулалар тазаланады, жапырақтар жиналады» деген кезектi уәдемен аяқталды.

Қаланың дәл ортасында орын тепкен Медеу ауданына қарасты аулада екi айдан берi аула сыпырушы атымен жоқ. Қолқаны қапқан жағым­­сыз иiс пен шабылмаған шөп­тер, қаңғыбас жандардың «база­рына» айналған гараждың артындағы қоқыстарды тазалайтын бiр жан табылмай тұр.

– Апта сайын қаламызда тазалық жайында штаб өтедi. Соған уақы­тында тазаланбаған аулалардың осы сияқты суретi жiберiледi. Медеу ау­данындағы мынау тазаланбаған қоқыстардың суретi үш апта бұрын жiберiлген. Әлi нәтижесiз. Осы аптаның аяғына дейiн қоқыстар жи­налып, балалар ойнай­тын, кiр iлетiн  алаңдарды тазалауға уақыт беремiз, – дедi «Экология» инспекциясының басшысы  Сәттi­баев.

Жыл басынан берi қала бойынша 449 пәтер иелерi кооперативтерiне хаттама толтырылып, 4 миллион 600 мың теңгеге дейiн айыппұл салынған. Ал Медеу ауданында жыл басынан берi 115 пәтер иелерi кооперативтерiне хаттама толтырылған. Ол қазынаны 630 мың теңгеге өсiрiп отыр.

Жергiлiктi кооператив шеберiнiң сөзiне сүйенсек, оларға қаржылай қолдау жетiспейдi. Жиырма мыңға жетер-жетпес айлықақы үшiн бiрнеше ауланың үлкен территориясын таза­лап, еңбек етуге құлықты жандар аз. Тiптi, жоқтың қасы.

Шебердiң сөзiнiң шындығын тұрғындар да растап бердi. Баласын оқудан алып келе жатқан Медеу ауда­нының тұрғыны Татьяна ЖАНГУРО­ВА:

– Пәтер иелерi коооперативiнде қыз­меткерлерге төлейтiн ақша жетiс­пейдi, тым аз. Бiз көтермекшi болып, ұсыныс айтқан едiк, тұрғындардан қолдау болмады.

Еңбекақыға төленетiн ақшаның тым мардымсыз екенiн «Заречный» ПИК-нiң шеберi Бахыт ЖАҚЫП­БАЕВ та растап шықты.

– Бiздiң ПИК-те айлық өте төмен. Айтпай-ақ қояйын. Бiрақ, iстелуге тиiс жұмыс шашетектен. Бүгiн мынау соңғы үйдiң шатырын жауып бiтiрдiк. Айлық ақымызды өсiрсе, шешiл­мейтiн проблема жоқ.

Қазбалап сұрастырып жүрiп, мә­селенiң түбiн табуға тырыстық. Кiнә адамда емес, ақшада болып шықты. Өйткенi, үйлердiң техникалық қам­тамасыз етiлуi мен аулалардың та­залы­ғы үшiн тұрғындар бар бол­ғаны 700-1000 теңге көлемiнде ақша төлейдi екен.

Экология инспекциясының мәлi­метiне сүйенсек, Медеу және Әуезов аудандарының Пәтер иелерi коопе­ративiнiң жұмысы нашар жүргiзiлуде.

Экологтардың тағы бiр айтқаны, аула тазалығының көңiл көншiтпей отырғанына тұрғындардың да кiнәсi жоқ емес.

– Сонау кеңес заманы тұсында жалпыхалықтық сенбiлiк ұйым­дас­тырылатын. Оған жас-кәрi демей бүкiл тұрғын болып атсалысып, таза­лықтың лебiн естiретiн. Ал қазiр «есi­гiм­нiң алдын тазалай қояйын» деген ниетпен аула тазалауға шыға­тын адамдар жоқтың қасы. Болған күннiң өзiнде сонау бiр кезеңнiң тәрбиесiн көрген қарт кiсiлер болуы мүмкiн.

Айта кетейiк, мұнымен тазалықты iздеп жүрген рейд жұмысы аяқталған жоқ. Алдағы уақытта экологтар басқа да аудандардың ПИК-нiң жұмысы қаншалықты атқарылып жатыр дегенге жауап iздеп шығады.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *