ҚАУІПСІЗДІККЕ ӘСЕР ЕТЕТІН сыртқы факторлар талқыланды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі

Жиын барысында сыртқы фактор­лардың ұлттық қауіпсіздік ахуалына әсері және қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі мәселелер қаралды.

– Қазақстанға әсер ететін сыртқы факторлардың бар екенін бәріміз білеміз. Солардың ішінде Ресей мен АҚШ арасындағы санкциялық текеті­рес, Қытай мен АҚШ арасындағы сауда шиеленісі, Сириядағы ахуал және басқа да жағдайлар бар. Осыған бай­ланысты бізге мәселелерді талқылап, тиісті шаралар қабылдау қажет, – деді Қазақстан Президенті.

Күн тәртібіндегі екінші мәселені талқылау барысында Қорғаныс минис­трі Н.Ермекбаев Қарулы Күш­тердің биылғы оқу жылындағы әскери дайын­дығының және өткізілген оқу-жаттығу­лар­дың негізгі қорытындылары, сондай-ақ әскердің жауынгерлік дайын­дығын арттыру жөнінде қабылданып жатқан шаралардың нәтижелері туралы баян­дама жасады. Сонымен қатар, жиын барысында қорғаныс өнеркәсібі кәсіп­орындарын жаңғырту және қорғаныс өнімдерінің жаңа түрлерінің өндірісін игеру жөніндегі ұсыныстар қарасты­рылды. Басқосу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ». 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *