Аударма тіліміз жылдам дами береді

 

Былтырғы сәуір айында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  атты бағдарламалық мақаласын жария ете отырып, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық» жобасын ұсынған еді. Бұл ретте, Қазақстан білім беруде белгілі бір жетістіктерге жетіп, сөйтіп, көптеген отандық жоғары оқу орындары бәсекеге қабілетті әлемнің озық оқу орындары қатарына енгені мәлім.

Осы орайда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемнің үздік оқулықтарын мемлекеттік тілге аудару туралы бастамасы біздерге, әсіресе,  ғалымдарға өте маңызды болып табылады. Өйткені, ол қазақ тілінде аса құнды ақпарат алудың ең тиімді де қажетті мүмкіндіктерін туғызады. Сол себепті, біздер үшін ол айрықша мақтаныш болып саналады. Олай дейтінім, біздер күнделікті лекциялар өткізуге және ғылыми шараларға дайындалу барысында ұсынылып отырған материалдарды аударудың қаншама қиындықтарына тап боламыз. Ендігі жерде осындай сапалы және кәсіби тұрғыда жазылған еңбектерді иелене отырып, біздің ағарту саласындағы жұмыс­тарымыз екі есеге дейін жеңілдейді деп білеміз. Сондықтан да Мемлекет басшысы «Біздерге елдегі білім беру саласын жаңғырта беру керек екендігін» бірнеше рет есімізге салып жүрді. Бұл жерде үздіксіз білім – біздің жетістігіміздің ең басты кепілі екендігі жақсы белгілі.

Соған орай, аталған жоба біздің оқушылар мен студенттерге әлемдік үздік үлгідегі білім нәрімен сусын­дауға және білім-біліктіліктерін ғы­лымның  аталып өтілген ең жетіл­ген бағытында кең түрде меңгеруге жол ашатын болады. Оның үстіне, 100 жаңа оқулықты аударуға кететін өте ауқымды жұмыстар біздің аударма­шылар мектебімізді және Қазақстан ректорларының қарым-қабілетін нығайтып, бұл саланың дамуына жаңаша серпін береді деп ойлаймыз. Сондай-ақ, «Жаңа гума­ни­­тарлық білім» жобасының өзі «Руха­ни жаңғыру» бағдарламасының шеңбе­рінде жайлы орын табатын болады.

Ал енді қазіргі жаһандану мен сандық технология дәуірінде өсіп, жетіліп келе жатқан жас ұрпаққа ағымдағы қауіп-қатерлер және қоқан-лоққылар мен үрей тудыра­тын жағдай­ларға әрқашан да дайын болу керек­тігін ескертеміз. Бұл ретте бәсекеге қабілеттілік пен парагма­тизм рухында тәрбиеленіп жатқан біздің білім беру саламыз қазақстан­дық­тардың жаңа ұрпағын қалып­тастыру тұрғысында басым бағыт болып саналады.

Жалпы, БҰҰ-ның мәліметі бойын­ша, бүгінгі таңда әлем бойын­ша 800 млн. аса адам мүлдем жаза біл­­мейді екен. Сонымен қатар, мектеп жасындағы 270 млн. бала осы күнге дейін партаға отырып көрме­ген. Міне, осы тұрғыда біздің елде мұндай жағдай мүлде болмауы керек деп білеміз. Өйткені, біз бәсекеге қабі­летті әрі даму үстіндегі ұлтпыз,

ал біздің студенттеріміздің үздік әлемдік стандарттар бойынша білім алуға мүмкіндіктері бар.

Сондықтан да Елбасымыздың жоғарыда айтып отырған бастамасын қолдай отырып, біздер «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасының барлық жобаларын қазіргі замандық муль­тимедиялық  технологиялармен сәй­кестендіру – бізге әлемдік жетекші университеттер деңгейіне жақындай түсуге, сондай-ақ, кәсіби-ағарту білім беру деңгейін көтеру және қа­зақ тілінде бірінші басылған элект­ронды кітаптарға шексіз қолжетім­ділікке ие болу мүмкін­діктерін береді.

 

Князь МИРЗОЕВ,

Қазақстан күрдтері «Барбанг» ассоциациясының төрағасы,     Қазақстан халқы Ассамблеясы     кеңесінің мүшесі, Абай атындағы ҚазҰПУ-дің шығыс тілдері және аударма кафедрасының меңгерушісі, ЖМ  ШҒА академигі.

 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *