АУДАНДАРДЫҢ ТҰРМЫСЫ ӨРКЕНИЕТТІ ӨМІР ДЕҢГЕЙІНЕ КӨТЕРІЛЕДІ

Болат ОСПАНОВ, қалалық мәслихаттың депутаты:

— Қаланың көркеюі, түрленіп гүлденуі әрбір қала тұрғыны үшін маңызды. Шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаевтың «Шетсіз қала» тұжырымдамасы мегаполистің кез-келген бөлігін шын мәнісіндегі қолайлы әрі дамыған орталыққа айналдыруды көздеп отыр. Әр ауданның бәсекеге қабілетті болуын назарға алды. Қаланың шет аймақтарында тұратын халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту үшін жағдай жасауды тапсырды.
Расымен, күн сайын Алматы орталығына шеткі аудандардан, жақын орналасқан елді-мекендерден көптеген азаматтар келеді. Шеткі ауданда тұратын халықтың көпшілігі қаладағы қызметтерді пайдаланады. Осында жұмыс істейді, білім алады. Бұл ретте халықтың өздері тұратын мекенінде жұмыс орындарын құру, орта білім алу үшін ғана емес, сонымен қатар орта арнайы білім алу, бос уақытты өткізуге арналған орындарды және т.б. қолға алу керек. Шеткі аудандардың барлығы мегаполистің мәртебесіне сай болуы керек, өйткені ол шаһардың дәл іргесіндегі аймақтар.
Айта берсе мәселе көп. Бірақ барлығы да шешіледі. Қалалық билік бұл аудандардың тұрмысын өркениетті өмір деңгейіне көтеру үшін барлық мүмкіндіктерді жасайды. Елдің мұң-мұқтажы мен өтініштері тыңдалып, оны кезең-кезеңімен ретке келтіру қолға алынады. Ол үшін кез-келген ауданның тұрғындары тұрғылықты мекенінің жаңаша қалыптасуына орасан зор үлес қосуы керек деп ойлаймын. Игі істерімізге сәттілік тілеймін.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *