Ауданда бокс турнирi өттi

Ербол ТҰРЫМБЕТОВ

Өткен аптаның сенбiсiнде Тәуелсiздiктiң 20 жылдығына арналған Әуезов ауданы әкiмiнiң кубогi үшiн бокстан жасөспiрiмдер арасында турнир болып өттi. Алматы мен көршi қырғыз елiнiң астанасынан келген боксшылар сайысына аудан әкiмi өзi қатысып, жас боксшыларға сәттiлiк тiледi.

Әуезов ауданы әкiмдiгi Алматы қалалық бокс қауымдастығы және «Каравелла» спорт клубымен бiрлесе ұйымдастырған турнирде жас боксшылар «Қабырғаға қабырға!» қағидасы бойынша сынға түстi. Жас ерекшелiктерi бойынша үш топқа бөлiнген былғары қолғап шеберлерi 20 салмақ дәрежесiнде өнер көрсеттi. Сайыс қорытындысы бойынша, жергiлiктi команда жеңiмпаз атанып, Әуезов ауданы әкiмiнiң кубогi мен мақтау қағаздары, медальдар және 100 мың теңге көлемiнде сыйақы еншiледi. Қырғыз бауырларымыз да мақтау қағаздары, медальдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, жерлесiмiз Мазур Стоян турнирдiң «Үздiк боксшысы» атанса, «Жеңiске деген жiгерлiлiгi» үшiн қырғызстандық Күшназар Жұмалиев марапатталды. Ал қырғызстандық Оразбек Евкачев «Үздiк бапкер» деп танылды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *