АУДАН КӘСІПОРЫНДАРЫНДА 4069 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ АШЫЛДЫ

Жетісу ауданының 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Мұхтар ТӘЖІБАЕВ, Жетісу ауданының әкімі

Қаржы

2018 жылға Жетісу ауданының бюджеті 75505,3 мың теңгені құрайды. Бюджеттің орындалуы 100%.

Салықтар

Жетісу ауданы бойынша мемлекеттік бюджет болжамы 2018 жылға 132 602 млн. теңгені құрайды, орындалу пайызы 102%.

Республикалық бюджет болжамының сомасы 98 232 млн. теңгемен  анықталды, дәйектісі 99 551 млн. теңге, орындалу пайызы 101%.

Жергілікті бюджет болжамының сомасы 34 370 млн. теңгемен анықталды, дәйек негізінде бюджетке 35 802 млн. теңге түсті, орындалу пайызы 104% құрайды.

Өнеркәсіп

2018 жылдың қаңтар-қараша айларында ауданда қолданыстағы бағаларда 174,1 млн. теңгеге өнеркәсіп өнімдері шығарылды.

Барлық өнеркәсіптердің физикалық көлемінің индексі 103,5% құрады.

Ауданның қаңтар-қараша айлары негізгі капиталға инвести­цияның көлемі 39,6 млн. теңгені құрады.

Ауданның ірі және орташа кәсіпорындары бойынша жұмыс­керлердің орташа айлығы – 155 722 теңге, жұмыспен қамтыл­ғандар саны – 42 755 адам.

2018 жылдың бірінші желтоқсанына аудан кәсіпорын­дарында 4069 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Шағын өнеркәсіп

Бөлшек сауда тауарайналымы қаңтар-қараша айларына 675,5 млрд. теңгені құрады немесе қалалық көрсеткіштен 26%.

Көтерме тауар айналымы жүзеге асырудың барлық арналары бойынша 1 200 млрд. теңгені құрады немесе қаланың көтерме тауар айналымының 12,5%.

Ауданды көріктендіру

Жетісу ауданы аумағында ұзындығы 267,1 шақырым, жалпы көлемі 2 557 435м2, 269 көше бар, жалпы көлемі 10,66 га. құрайтын жолайрықтары, көлемі 37,72 га. құрайтын көріктендірілген аймақ­тар (саябақ, арбат, бақтар – 13, жасыл аймақ – 6), көлемі 47,85 га. бо­латын көріктен­діріл­меген ай­мақтар (жасыл аймақ – 21, бөлу жолақтары – 5, жол жиектері – 45), көлемі 2803,4 м2 17 жерүсті өткелі, ұзындығы 91,656 шақырым арық жүйелері, ұзындығы 316,763 шақырым, 120 басқару шкафы, 10 055 көше жарығының шамдары орналасқан.

2018 жылда 30 мекен-жай бойынша 500 дана жарық диодты шамдары орнатылды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру щеңберінде 2018 жылдың шілде айында «Первомайский» шағынауданында аумақты көріктендіру бойынша 160 м2 көлемінде жол төселді, жаяу жүргіншілер көпірін жөндеу және сырлау жұмыстары жүргізілді.

«Қала Көркейту» ЖШС мердігер ұйымымен 403 ағашты санитарлық сүру, 5438 ағашты санитарлық кесу, 2400 ағаштарды үш мәрте қалыптап кесу, 330 ағашты тоғысуы, әр түрлі сұрыпты 400 ағаш өтемдік отырғызылды.

Сондай-ақ, ауданды гүл-сәндік көгалдандыру жүргі­зіліп, 4535м2 – гүлзарлардағы гүлдер, 466 м2 – кан, 1133 м2  – қызғалдақ отырғызылды, 19  вазон орнатылды.

Аудан аумағының санитарлық жағдайын қамтамасыз ету мақсатында бекітілген кестеге сәйкес, апта сайын көктемгі кезеңде «Таза бейсенбі» және «Жергілікті сенбіліктер» «Айнабұлақ-1, 2, 3, 4», «Құлагер», «Көкжиек» ықшамаудан­дарында, «Есентай», «Кіші Алматы», «Сұлтан Қарасу» өзендерінің арнасында өткізілген, мердігер ұйымдардың басшыларымен елді-мекендердің тазалығы мақсатында күн сайын шығу жұмыстары ұйым­дастырылған.

Ауданның санитарлық жағдайын қамтамасыз ету үшін 5 қоқыс шығару ұйымы жұмыс істейді.

Барлық қоқыс шығарушы ұйымдар 47 бірлік арнайы техника, 190 жұмысшымен қамтамасыз етілген.

Апта көлемінде орташа 1705 тонна тұрмыстық қалдық шығарылады, есептік кезеңде 57 650 тонна қоқыс шығарылды.

2018 жылда:

1) 13 мекен-жай бойынша ұзындығы 9,759 шақырым жолдарды орташа жөндеу;

2) ауданның 28 көшесі бойындағы жалпы ауданы 10 189,19 м2 жолдарда шұңқырларды жөндеу;

3) жалпы ұзындығы 425 м. арық желілерін ағымдағы жөндеу, келісім-шарт сомасы 20 447 млн. теңгені құрады.

4) жерасты жаяу жүргінші өткелдерін күрделі жөндеу, келісім-шарт сомасы 246 657,5 мың теңгені құрайды. Барлық өткелдер қолданысқа енгізілді.

5) мердігер ұйымы «Корпорация ТАС» ЖШС «Думан» зиратын салу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр, келісім-шарт сомасы 36,792,000.00 теңге.

Коммуналдық шаруашылық

Есептік кезеңде ауданның санитарлық тазалығы, қоқыс шығару жұмыстары, жылыту маусымының өтуі мен қыс апаттық жағдайлары бойынша 61 мәжіліс өткізілді. ЖПИК-тердің аулаішілік және қарасты аумақтың санитарлық тазалығын 236 аула сыпырушы күнделікті жүзеге асырады.

Аудандағы барлық ЖПИК атқарған жұмыстары жөнінде 3 тоқсан бойынша есептері Алматы қаласы ЖПИК Ассоциа­циясының сайтына орналастырылды. ЖПИК-ің қаражатынан 37 309 242 теңгеге 177-үй жөндеуден өтті.

Мемлекеттік-жеке әріптестік шеңберінде, Райымбек даңғылы, 149-үй, Абылай хан даңғылы, 18-үй тұрғын үйлер қасбетінің жөндеу жұмыстары «Саурықов» ЖШС күшімен жүзеге асырылды.

Жыл көлемінде 12 ЖПИК-дің басшыларына қатысты әкімшілік айыппұлдар салынып, 22 хаттама толтырылды 560 АЕК (1 346 800 теңгеге).

Жетісу ауданы бойынша 2017-2018 ж.ж. жылыту маусымы сәтті іске қосылды. 2018-2019 ж.ж. жылу беру кезеңінен бастап барлық әлеуметтік нысандар (21 мектеп, 22 балабақша, 5 ден­саулық сақтау нысандары)  және 660 көпқабатты тұрғын үйлері 100% жылумен қамтамасыз етілді олардың ішінде: 588 үйлер – орталық жылу жүйесіне қосылды, 72 үй – жеке жылу.

Аудан бойынша жалпы есептегіш құралдары орнату мүм­кіндігі бар тұрғын үйлердің саны – 278 және жалпы есептегіш құралдары орнату мүмкіндігі жоқ тұрғын үйлердің саны (ескі қауіпті, жеке жылыту жүйелері бар тұрғын үйлер) – 75. 2018 жылы 67 үйде жалпы есептегіш құралдары орнатылды.

2018 жылы Жетісу ауданы бойынша «2011–2020 ж.ж. ҚР ТКШ жаңғырту» бағдарламасы бойынша, «Алматы Тұрғын Үй» ЖШС-не 32 үйге тапсырыс берілді.

15 үйде жұмыстар аяқталды. 2019 жылға 50 үй бойынша тапсырыс беру жоспарлануда.

2019 жылы Жетісу ауданында «Жилстройсбербанк» АҚ-ы, «Риголит» және «Г.С.Г. Высотник» ЖШС-мен жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Әзірленген жоба бойынша, «Риголит» ЖШС-гі Райымбек даңғылы 241 және Боткин көшесі 1, 3, 5, 7, 9, 11, 13, 15, 17 мекен-жай­ларында 10 үйді сүру жұмыстарын жүргізу жос­парланған. Бұзылған үйлердің орнына 9 қабатты 11 көппәтерлі тұрғын үй тұрғызылмақ. Аумақтың жалпы ауданы – 2,2 га., құрылыстың жалпы ауданы – 4354,49 ш.м., кешеннің жалпы ауданы – 37410 ш.м., пәтерлердің жалпы саны – 513 дана.

«Г.С.Г. Высотник» ЖШС-мен Боткин көшесі 2, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 18, Скрябин көшесі 4, 6, 8, 10  тұрғын үйлерді сүру жұмыстары жоспарланған. Қазіргі уақытта, «Г.С.Г. Высотник» ЖШС-мен тұрғын үй құрылысының орны анықталды (Боткин көшесі, 12 үйдің маңында). Қазіргі таңда, «Г.С.Г. Высотник» ЖШС мен «Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» ЖШС-ің арасында жер телімдерін бөлу бойынша меморандумға қол қою мәселесі қарастырылу үстінде.

Қазіргі таңда «НК «СПК» АҚ-ы «Риголит» ЖШС-мен бірлесе жер аумақтарының тіркеу аукционын жүргізу сұрағы қарастырылуда.

Есептік кезеңде 46 шақырым су және кәріз желілерін жаңарту жұмыстары жүргізілді.

2018 жылы 196 түрлі төтенше жағдайлар орын алған. Барлық зақымдар апатты жою қызметтердің күшімен қалпына келтірілді.

Жергілікті бюджеттен 94 аула ішілік бордюрлерді, тақта тасты, асфальттік бетондық жабындыны ауыстыру, шағын сәулет нысандарын орнату, сыртқы жарықтандыру желілерін және балалар ойын алаңдары үшін қауіпсіз жабынды төсеу бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Әлеуметтік сала

90 отбасына атаулы әлеуметтік көмек көрсетіліп, 23678,81 теңге төленді.

Жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсетудің бір түрі тұрғын үй көмегін көрсету болып табылады, 250 отбасына 4 241 184 теңге көлемінде коммуналдық қызметтерді төлеуге көмек көрсетілді.

3 697 184 жалпы сомасына 26 ҰОС ардагерлері мен мүгедектерге 6,5 АЕК мөлшерінде ай сайын әлеуметтік көмек тағайындалған.

1088 адам жыл сайын әр семестрде 7 АЕК мөлшерінде жарты жылда бір рет тапсырылатын әлеуметтік көмек алды, жыл басынан бері берілген шығындардың жалпы сомасы 33 585825 теңгені құрады.

Азаматтар үшін 12 АЕК мөлшерінде ай сайын 81 адам әлеуметтік қызмет алды, амбулаториялық емдеу сатысында және туберкулезге қарсы диспансерде тіркелген жалпы сомасы 11 596427 теңгені құрады.

Орташа есеппен адам басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі 783 адамға 10 АЕК көлемінде жалпы сомасы 16 570 638 теңгені құраған.

Жағдайы төмен 87 отбасына жалпы сомасы 100170 теңгеге бөлінген жеке ыстық және суық суды есепке алу құралын сатып алуға, орнатуға және тексеруге арналған шығындарды өтеу үшін 2 АЕК көлеміндегі әлеуметтік көмек берілген.

58 отбасына 100 076 950 теңге көлемінде 200 АЕК (өрт) мөлшерінде әлеуметтік көмек тағайындалды.

Санаторлық-курорттық емделуге 290 зейнеткер жіберілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» 2005 жылғы 20 шілдедегі қаулысына сәйкес мүгедектерді техникалық құралдармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді: 337санитар­лық-гигиеналық құрал берілді, жеке көмекші мәселесі бойынша 265 өтініш, тілдік маманның қызметіне байланысты 33 өтініш қабылданды, санаторлы-курорттық емдеуге 420 мүмкіндіктері шектеулі адамдар жіберілді.

Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығының 2018 жылғы мәліметі бойынша, 2017–2021 жылдарға арналған Өнімді жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде 3 028 адам, «Жұмыспен қамту орталығы» КММ-не тұрақты жұмысқа  – 2 137 адам орналасты, әлеуметтік жұмыс орын­дарына бағытталған – 125 адам; жастар тәжірибесіне – 122, қоғам­дық жұмыстарға – 348 адам; қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға – 161 адам орнааластырылды, жұмыссыздардың саны 135 адамға жетті.

Зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу

Есепті кезеңде зейнетақы мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларының жалпы саны 26 042 адамды құрады. Есепті кезеңде төленген зейнетақының мөлшері 1 241 488 062 теңгені құрады, төленген мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері – 185 851 303 теңге. Ең төменгі зейнетақы 36 108 теңгені құрайды, ең жоғарғы зейнетақы – 87 113 теңге.

Қоғамдық қауіпсіздік

2018 жылдың қорытындысы бойынша, Жетісу ауданында барлығы 6 333 құқықбұзушылық тіркелді, оның ішінде: қылмыс – 6 024, теріс қылықты құқықбұзушылық – 309.

Тіркелген қылмыстың 5 608-і орта және жеңіл қылмыстар, 416-сы ауыр және аса ауыр қылмыстар.

2017 жылмен салыстырғанда ауыр және аса ауыр қылмыстар  26,8% (568-ден 416-ға), яғни 152 қылмысқа төмендеді.

2018 жылдың қорытындысы бойынша қылмыстардың ашылу пайызы 24,6% құрады (2017 жылы 23,1%), оның ішінде: қылмыстарды ашу 21,7% (2017 жылы 19,6%), теріс қылықты құқықбұзушылық 99% (2017 жылы 99%), ауыр және аса ауыр қылмыстарды 36,4% (2017 жылы 36,4%) бірқалыпты.

Учаскелік полиция инспекторларымен қоғамдық тәртіпті сақтауда, қылмыстың алдын алуда, ескертуде және ашуда, сонымен қатар, алдын алу әсеріне бейімді тұлғалармен жұмыс жасау үшін бірқатар іс-шаралар жүргізілді.

Штаттық тізбесіне сәйкес 52 учаскелік полиция инспекторлары бекітілген (43 учаскелік инспектор және 9 учаскелік инспек­торлардың  көмекшілері).

Жетісу ауданының аумағы 39,6 мың шаршы шақырымды құрайды. 19 063 жеке меншік және 660 көпқабатты үйлер орналасқан, 165 401 аудан тұрғыны бар.  Қоғамдық қауіпсіз­дікті қорғау 11 патру­льдік учаске аумағына бөлініп, 11 учас­келік полиция пункті қамтылған.

Аталған мерзім ішінде учаскелік полиция инспектор­ларымен жедел іс-шаралар жүргізу нәтижесінде 700 қылмыс (2017 жылы 634) ашылып, өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 10,4%-ға жоғарылады.

2018 жылдың қорытындысы бойынша, жергілікті полиция қызметімен барлығы 5 204 әкімшілік хаттамалар толтырылып, 25 517 953 теңге айыппұл салынды, оның 7 425 743 теңге немесе 29% өндірілді.

Аудандық денсаулық сақтау

Жетісу аудандық медициналық бірлестігі №11қалалық емхана, №21 қалалық емхана, Құлагер алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесі – 3 мемлекеттік және «Асыл Нұр клиникасы» ЖШС-ден, «АМС» ЖШС 2 жекеменшік 2018 жылы мемлекеттік тапсырыс алған. Ауданда барлығы 116805 адамға қызмет көрсетіледі, олардың ішінде ересектер – 679716, балалар-33201, жасөспірімдер 3 885.

Ауданның барлық емханалары жаңа заманауи жабдық­тармен жабдықталған. Есепті кезеңде емханаларда 108504 адамға қызмет көрсетілді.

Туберкулездің алдын алу үшін жыл сайын емханаларда флюорографиялық зерттеулер жүргізіледі. Осы кезеңде 94291 адам (жоспар 94291 адам) зерттелді, іске асырылуы – 100%.

Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін клиникаларға 172 квота бөлінді.

Жыл бойы ауданда 2 291 бала туылды, ол өткен жылмен салыстырғанда 8% жоғары (2017 жылы 2109 бала туылған).

2018 жылы ана мен бала өлімі тіркелген жоқ.

Білім

Жетісу ауданында 21 орта білім беру ұйымы жұмыс жасайды, контингент 25373 оқушыны құрайды.

Ағымдағы оқу жылында ауданымыздың мектеп оқу­шылары жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жобалар байқауларында белгілі нәтижелерге қол жеткізді.

Педагогтар жетістігі: – Республикалық «Үздік педагог» атты байқауда №57 ЖББМ қазақ тілі және қазақ әдебиетінің мұғалімі Тәуекелова Гүлбану Қонысбайқызы 1-орынды иеленіп 2 400000 тг. сыйақы алды.

Аудан бойынша мектеп бітіруші – 568 оқушы. 2018 жылы мемлекеттік емтихандар қорытындысы бойынша негізгі және орта білім туралы аттестатты барлық мектеп бітірушілер алды. 42  түлек «Алтын белгі» орта білім туралы аттестат алды, 17 оқушы мектепті үздік бітірді.

Ұлттық тестілеуге 2018 жылы 19 мектеп, 458 оқушы қатысты, ол 80,6% құрайды, 2016-2017 оқу жылымен  салыстырғанда 53 оқушыға көбірек.

Аудан бойынша орташа балл – 105,4, былтырмен салыс­тырғанда 19,5%-ға жоғары.

Шығармашылық емтихан тапсырғандар – 26 оқушы.

Мектепке дейінгі білім беру

Жетісу ауданы бойынша мемлекеттік балабақшалар саны – 22, ондағы бала саны – 4948, оның ішінде арнайы түзету (сөй­леу­дің бұзылуы) – 1, ондағы бала саны – 90, санаторлы балабақша – 1, ондағы бала саны – 100, толық емес күнге мектепалды даярлық топтары – 15 балабақшада бар, ондағы бала саны – 375.  Аудан бойынша жекеменшік балабақшалар саны – 19, ондағы бала саны – 1292, шағын орталықтар – 23, ондағы бала саны – 519.

Ауданның балабақшалары заман талабына сай жаңа технологиялармен жұмыс жасайды.

Ауданның мәдени және спорттық өмірі

Ауданның мәдени өмірі іс-шараларға толы болды. 2018 жылы барлық мемлекеттік және кәсіби мейрамдарға мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді, түрлі спорттық шаралар тұрақты өткізіліп отырды, онда 33 мыңнан аса адам қатысты.

2018 жылдың шілде айынан бастап «Белсенді ұзақ өмір» акциясы аясында зейнеткер мемлекеттік және ағылшын тілдерін үйренуде, түрлі спорт түрлерімен айналысуда (Айкуне, у-шу).

Бөлім қызметкерлері Жетісу ауданы аумағында орналас­қан жарнамалық құрылғылардың, билбордтардың мониторингін үнемі жүргізіп отырады. Осылайша 2018 жылы 338 заңсыз жарнама нысандары сүрілді,  Қазақстан Респуб­ликасының  «Тілдер туралы» заңына сәйкес 207 жарнамалық баннерлер түзетілді.

Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» заңына және Алматы қаласы әкімдігінің «2018 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» қаулысына сәйкес Жетісу ауданы әкімінің аппараты аудандық қорғаныс басқарма­сымен бірлесе шақыру комиссиясының жұмысын ұйымдастырды. Қарулы күштер және басқа әскери құрамдарға шақыру тапсырмасы толық көлемде орындалды. 2018 жылы мерзімді әскер қатарына 306 адам жіберілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету

2018 жылда 11 мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыс жүргізілді. Есептік кезеңде барлығы 11111 қызмет көрсетілді, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» ҰК» АҚ арқылы – 6296; «Электрондық үкімет» вэб-порталы арқылы – 2612 және мемлекеттік орган арқылы 2203.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *