Аудан басшысы тұрғындармен кездесті

Нұрлан СҮЙІН

 

Алып шаһардың  басшылығы  қала тұрғындарымен байланысты тікелей орнатуды қалыптастырған соңғы кездері. Алматы қаласының әкімі, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының төрағасы Бақытжан Сағынтаев мегаполис басшылығына келгеннен бастап жұмыс бағытын осылай қойған болатын. Тұрғындармен мүмкіндігінше жиі, ашық кездесуді жолға қойған қала басшысы аудан әкімдерінен де осыны талап етуде. Бұл – бүгінгі күн талабы.

«Nur Otan» партиясы Алатау аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Шахмерден Рыспаев «Қарасу» ықшамауданы тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында партияның Алатау аудандық филиалының қоғамдық қабылдауы кезінде көтерілген сұрақтар қарастырылды. Тұрғындармен кездесуге Қалалық мобильділік басқарма өкілдері, «ПКС» ЖШС өкілдері, Алматы қаласы ветеринарлық қызмет өкілдері және т.б. «Nur Otan» партиясы Алатау аудандық филиалының төрағасы Ш.Рыспаевтың шақыруымен келіп, халыққа бүгнгі күннің өзекті мәселелері бойынша түсіндіру жүргізіп, жауап берді. Нәтижесінде Қалалық мобильділік басқарма өкілдері аудандағы 4 көшемен қоғамдық көліктерді жүргізу бойынша схемаларды қарастыруға уәде етті, ал кәріз жүйесіне қосыла алмай жүргендерге қолданысқа рұқсат берілді. Және жарық мәселесі бойынша дүйсенбі күні дөңгелек үстел өткізіліп, шешу жолдарын қарастырылатындығы айтылды.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *