АУДАН АУЛАЛАРЫН бейнекамералар бақылайды

Қазақ қатынас жолдары университетінің мәжіліс залында «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында жиын болды. Басқосуға Әуезов ауданының әкімі Әнуар Өскенбаев, «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нәйла Ордабаева, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Сергей Козлов, Әуезов аудандық полиция басқармасының басшысы Әлішер Тұрсынбеков, №139 жалпы білім беретін мектептің директоры Ерік Қуатбеков, академик Амангелді Омаров қатысты. Сондай-ақ, жиынға оқу орындарының басшылары, орынбасарлары, өндіріс, мекеме басшылары мен қызметкерлері, жетекші кураторлары, аталған білім ордасының ұстаздар ұжымы қатысты. 

Басқосу барысында Әуезов ауда­нының әкімі Әнуар Өскенбаев Елбасы Жолдауының негізгі бағыттарына тоқталып, Жолдауды жүзеге асыру аясында ауданда атқарылып жатқан ауқымды іс-шараларды атап өтті.

– Төле би көшесіндегі жаңадан ашылған супермаркет 200 адамды жұмыспен қамтамасыз етті. Жаңадан салынып жатқан «Eurobus» зауыты Орталық Азияда теңдесі жоқ құрылыс нысаны. Онда  электро­автобус жасап шығарылады. «Сайран» автобекетінің маңайы модернизация­ландыру жоба­сына енді. «Тигрохауд» пен «Ақсай» сауда орталығы жөндеу мен абаттан­дыру жобасына енгізілген. Бүгінгі таңда Әуезов ауданында 160 бала­бақша бар. «Балапан» бағдар­ламасы бойынша ауданда 36 балабақ­ша жұмыс істейді. Қазіргі таңда ауданда 6 жоғары оқу орны мен 22 маман­дандырылған оқу орны бар. Бұл білім ордаларында білімді әрі білікті болашақ мамандар дайындау ісіне ерекше көңіл бөлінеді. Емхана­лардың 16 пайызы жаңа құрал-жабдықтармен жабдықталған. Аудан аулаларында Ішкі істер департаментінің бақы­лауында болатын бейнекамералар орналасты­рылған, – деді сөз соңында.

Жиын барысында сөз алған Алматы қалалық мәслихатының депутаты Сергей Козлов, Әуезов ауданының полиция басқармасының басшысы Әлішер Тұрсынбеков пен №139 жалпы білім беретін мектептің директоры Ерік Қуатбеков қазақстан­дықтардың тұрмыс-тіршілігіндегі Елбасы Жолдауының маңыздылығын айтып,  оны жүзеге асырудың жол­дарына жан-жақты тоқталып өтті.

 

Назымбек САДУОВ,

ҚР Журналистер одағының мүшесі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *