АУА РАЙЫ: ТАЯУ КҮНДЕРІ 30 ГРАДУСҚА ДЕЙІН АЯЗ БОЛАДЫ

Таяу күндері Қазақстанның солтүстігінде қар жауып, боран соғады және батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-25 метрге дейін жетеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» кәсіпорнына сілтеме жасап.

«Қазақстанның орталық ауданындағы циклонға Қара теңізден арктикалық ауа келіп жетеді. Осыған байланысты түнгі ауа температурасы солтүстіктегі облыстарда 23-30 градусқа дейін төмендейді, ол нормадан 4-8 градусқа төмен», — деп хабарлады синоптиктер.

Сонымен қатар, мамандардың мәліметтеріне сенсек, республиканың оңтүстік бөлігі белсенді фронтальдық зонаның ықпалында, сондықтан бұл өңірлерде жауын жауып, тұман түседі және көктайғақ болады. «Бірақ Жерорта теңізінен жылы әрі ылғалды ауаны алып келген оңтүстік-батыс ағымының әсерінен ауа температурасы нормадан әлі де 3-6 градусқа жоғары болады», — деді метеорологтар.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *