Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетілді

199Рая ЕСКЕНДІР

Алатау ауданы жұрт­шылығы өзінің ар­дагер ұл-қызын ардақтап, ерлік­терін бағалап, ерек­ше құрмет көрсетті. Ауған соғысына қатысқан ардагерлердің бір тобы №149 жалпы білім беретін мектепке келіп, оқушылар қауымымен кездесті. Отанды сүю – отба­сынан басталады. Патриоттық сезім, Отанды сүюге тәрбиелеуде мектептің алар орны ерекше. Сондықтан, мектеп ұжымы бұл тарихи күнге ерекше даярлықпен кірісіп, жан-жақты етіп атап өтті.

Мектеп босағасынан аттаған­нан-ақ жас ұрпақ жанына жігер беретін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа арнал­ған бұрыш, еліміздің Тәуелсіздігіне арналған тарихи зал ондағы тұнып тұрған тарих бәрі-бәрі ардагерлерді риза етті. Осындай шаңырақта білім мен тәрбие алып жатқан жас ұлан­ның Отанын, елі мен жерін сүйетініне, мемлекеттік рәміздерін қастерлейтініне, тілі мен діліне адал болып өсетініне кәміл көздері жет­кен ардагер ағалар бала­лар­дың өздеріне қойған ойлы са­уалдарына да ойлана оты­рып, жан-жақты, тереңге бойлап жауап беруге ты­рысты.

Кездесуге келген Алатау ауданы ауған соғысы арда­герлер кеңесінің төрағасы Болат Құрамысов пен Сергей Савиченконың айтқан әңгі­мелері де өте қызықты, ойлы болды. Сондықтан, оқушылар да күнде кездесе бермейтін ағаларына деген сауалдарын аянып қалмады. Алатаудың қонақжай кішкен­тай тұрғындары ауылдың алты ауызын айтып, қонақтарды риза етті.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *