Аты жаман індетті бірлесіп қана жеңе аламыз

Ақан БИЖАНОВ, Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры, Алматы қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– ҚР Президентінің кешегі халыққа арнаған үндеуі өте орынды, мазмұнды шықты. Мемлекет басшысы қазіргі жағдайды ашық айтып, Үкімет тарапынан нақты қандай шаралар қолдану керектігін жеткізді. Қаржылық жағынан болсын, ұйымдастыру немесе медициналық мекемелерді кадр жағынан қамтамасыз ету де назардан тыс қалған жоқ. Сонымен бірге Президентіміз халықтың да ұсынысын ескере отырып, кейбіреулердің тек өзінің жағдайын ойлап, осындай қиян кезде дәрі-дәрмектің бағасын негізсіз көтеруін сынға алды. Дәрілік перепараттарға қолдан тапшылық жасау – еш ақтауға жатпайтын тым өрескел іс.
Сонымен қатар кейбір азаматтар ақпаратты, әсіресе, электрондық ақпаратты қолданып, не ғылыми жағынан, не адами жағынан сарапқа салмай, жалған ақпарат таратып, халықтың дүрлігуіне жол беріп отыр. Халықтың арасында дүрбелең туғызу да жақсылықтың нышаны емес. Сондықтан бұл ретте Президент тиісті органдарға тапсырма беріп, нақты шаралар қолдану керектігін жеткізді. Мен мұны толық қолдаймын.
Аты жаман індетті біз мемлекет тарапынан, қоғам тарапынан барлығымыз бірлесіп қана жеңе аламыз. Сондықтан халық Президенттің айналасына жұдырықтай жұмылып, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын» кез туды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *