Атырау театры – Алматыда

17–21 сәуір аралығында 80 жылдық тарихы бар Атырау облыстық Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры алматылық өнерсүйер қауымды қойылымдарымен қуантпақ. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтетін гастрольдік сапар барысында көрермендер театр репертуарындағы рухани құндылығы мен тағылымы терең қойылымдарды тамашалай алады. Спектакльдер М.Әуе­зов атындағы Қазақ мемлекеттік акаде­миялық драма театрында 17–21 сәуір аралығында, сағат 18.30-да сахналанады. 17 сәуірде алматылықтар мен қала қонақтарының назарына Иран-Ғайыптың «Сүйінбай» атты тарихи драмасы ұсыныл­са, 18 сәуірде Шыңғыс Айтматовтың «Мәңгүрт» атты драмасы сахналанады. 19 сәуірде Есенжол Домбаевтың «Келін» атты мұңды комедиясы болады. 20 сәуірде Шыңғыс Айтматовтың «Бетпе-бет» драмасы көрерменге жол тартады. 21 сәуірде өнерсүйер қауым Рахымжан Отарбаевтың «Бас» атты драмасын көре алады. 18–21 сәуір аралығында, сағат 11.00-де кішкентай көрермендер Ғ.Мүсі­репов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Р.Киплингтің «Маугли» атты қойылымын тамашалап, ертегілер еліне саяхат жасай алады.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *