АТАМ, ӘЖЕМ ҮНЕМІ…

Рая ЕСКЕНДІР

Медеу ауданындағы №125 бөбекжай-балабақшаның кішкентай бүлдіршіндері ата-әжелерін қонаққа шақырды. Бір ай бойы қарттар айлығы аясында өткен түрлі іс-шараның бір күнін өздерінің сүйікті ата-әжелеріне арнады. «Самал» ықшамау­данында тұратын қарияларға арнап «Қарты бардың – қазынасы бар» атты мерекелік іс-шара өткізді.

Балабақша меңгерушісі Арайлым Қазбекқызы қарттықтың кемеліне келіп, немере-шөбере сүйіп, еңбегінің зейнетін көріп отырған қарияларды құттықтады.

Қарттықпен даналығы қоса келген қариялардың да балабақша ұжымы мен балақайларға айтары көп екен. Өздерінің өмір жолдарын үлгі етіп, қиындықты шыдамдылықпен жеңіп, елдің өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосқан аға ұрпақтың айтып отырған әңгімелерін ұйып тыңдап, қызығушылық білдірді.

Балақайлардың айтқан әндері мен билеріне қариялар да риза болып отырды.

Атам, әжем үнемі,

Мені жақсы көреді, –

деп әндеткен балақайлардың бал қылы­ғына ата-әжелер бір сәт серпіліп, сергіп қалды. Осындай кештің әсерлі өтуіне әдіскер Гауһар Аймұхамедова мен музыкалық жетекші Альбина Уәлиеваның үлесі зор болды. «Балдырған», «Күншуақ» тобының тәрбиешілері келген қонақтармен естелікке суретке түсті.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *