Аталық батамды беремін

Леонид ГИРШ,
ҰОС-ның ардагері, ҚХА-ның мүшесі, Алматы қаласы мен Алматы облысының Құрметті азаматы:
– Құрметті достарым, қадірлі отандастарым! Біз биыл Ұлы Жеңістің 75 жылдығын атап өтеміз. Өкінішке орай, осы бір айтулы жылы біздің басымызға үлкен сынақ түсіп отұр. Бұл сонау жылдары біз кешкен соғыс майданы емес, соны медет тұтамыз. Дегенмен, босаңсып отыратын да уақыт емес, дәл қазіргі сәт бізден сабырлы, төзімді әрі табанды болуды талап етеід. Сондықтан кешегі майдангер ретінде бүгінгі таңда Мемлекет басшысының Жарлығымен арнаулы жиынға шақырылып жатқан әскери міндетті азаматтарға сәттілік тілеймін.
Қазақстан – жаһанға бейбітшілік пен келісім шеңберінде тату-тәтті өмір сүріп жатқан мәртебесі биік мемлекет ретінде танымал. Қазіргідей сын сағатта осы үдеден табылып, өзімізге тән биік болмысымызды тағы да көрсететін сәт туып тұр. Қауіп-қатер қайдан демеңіз, тұтқиылдан шыға келуі мүмкін. Мәселе сол қатерге қаншалықты, қай деңгейде әзір екендігімізде. Біз кез-келген қиындықты бір үйдің баласындай біріге, темірдей тәртіпке бағына білгенде ғана жеңе аламыз.
Бұл қасиеттер біздің халықтың бойында ежелден бар. Біз кешегі Ұлы Отан соғысында да сондай бірліктің арқасында жеңіске жеткенбіз. Сонау ең алғаш Тәуелсіздігімізді жариялап, аяғымыздан енді ғана тұрып жатқан уақытта та бір-бірімізге сүйеу, демеу бола жүріп қазіргі күнге жеткенбіз. Әлеуметтік-экономикалық даму сатысына бірден көтеріліп, аз уақыт ішінде әлемге танылғанымыз да осы қасиетімізден.
Қазіргідей төтенше жағдайда да дәл сондай күш-қуат керек. Қару-жарақ асынып көшеге шығып керегі жоқ, бар болғаны темірдей тәртіп, нақты ұйымдастырылған жұмыс және бір-бірімізге деген түсіністік, тілеулестік, ниеттестік керек.
Қазір дәрігерлерге, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне және әскери мамандардың мойнына салмақ түсіп тұр. Олар осы бір қатерлі індетті ауыздықтау үшін күні-түні кезекшілікте тұр. «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» күресу мақсатында осы сапқа шақырылып отырған әскери міндетті жігіттерге де аталық батамды беремін.
Бала-шағамыз, қарттарымыз, бәріміз аман болайық! Біз сіздерге сенеміз!

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *