«Атакент» ел игілігіне айналады

Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес және Жер комиссиясының қорытындысы негізінде Қазақстанның іскерлік ынтымақтастық орталығы «Атакенттегі» 23 гектар жер учаскесін уақытша жалға  алу жөніндегі келісім күшін жойды.

Қазақстанның іскерлік ынтымақтастық орталығы «Атакенттегі» жер учаскесі 54,1 гектарды құрайды. Оның 31 гектары жеке меншікте, ал  17 гектарында түрлі сауда, мейманхана және спорт кешендері орналасқан.

Қазіргі кезде Алматы әкімдігі барлық құқықтық құжаттарды тексеруде. Игерілмеген 14  гектар жерге шектеу қойылған. Дегенмен, мақсатты  негізде салынған көрме павильондары немесе өзге де нысандарды сүру жоспарда жоқ.

Еске сала кетсек, атқарушы  компания Қазақстанның іскерлік ынтымақтастық орталығы «Атакенттің» айнала­сын дамыту туралы мойнына алған міндеттемелерін орындамауына байланысты Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек осыдан біраз уақыт бұрын жалға беру келісімін тоқтату және қоғамдық кеңістік жерді қаланың коммуналдық меншігіне қайтару туралы мәселені әзірлеуді тапсырған болатын.

 

«Ақшам-ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *