АТАҒЫН «ОЙНАТЫП», СЫЗДАНЫП ОТЫРАТЫНДАРҒА ЖАНЫМ АШИДЫ

Сәбит ОРАЗБАЕВ, Қазақстанның Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Адам қандай да бір кітап оқырда, одан не алатыны жайында алдын-ала ойлануы керек. Баяғыда ұстазымыз Асқар Тоқпанов «Теледидардан сөйлегеніңді көрдім. Жаман емес. Ойыңды әлі де тереңдете түс, Абайды оқы, басқа жаққа шолтаңдама» деген. Өзі Абайдың барлық өлеңдерін жатқа оқитын. Мен де Абай, Мұқағали өлеңдерімен қоса, толғауларды көп оқимын. Қайта-қайта оқимын. Сол оқығаның жадыңда жатталып қалады. Жас кезімде есте сақтауым мықты еді, тез жаттайтынмын. Бүгінде соның бәрі – менің байлығым. Негізі, кез-келген жерге оңай сіңісіп, әңгімелесе жөнелетін жанмын. Атағын «ойнатып»,  сызданып отыратындарға жаным ашиды.

 

(«Қазақ әдебиеті», 2.11.2018).

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *