«Ата дәстүрдегі» «Ұлы дала әуендері»

Таяуда Алматы құрылыс және халық­тық кәсіпшілік колледжінде «Ата дәстүр» орталығы ашылып, өз жұмысын бастаған еді. Осы ретте Бостандық ауданы әкімді­гінің, «Нұр Отан» партиясы аудандық фи­лиа­лының және Алматы қаласы кол­ледж­дер қауымдастығының ұйым­дастыруымен Елбасының «Бола­шаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» бағ­дарламалық мақаласының бір жыл­дығына орай және «Ұлы дала қазы­насы» партиялық жобасы аясында «Ұлы дала әуендері» атты салтанат­ты іс-шара болып өтті. «Ата дәстүр» орталығының мақсаты – жас ұр­пақты ата-дәстүр рухында тәрбие­леуге, қазіргі қоғамда ғасыр­лар бойы қалыптасқан дәстүрлер мен құндылықтарға, патриоттық сезім­ге, елін сүюге құрметтеуге бағыт­талған еді.

Шараны колледж директоры Камал Жаманкөзов ашып, жиылған қонақтарға аталған орталықтың мақсаты жөнінде айтып өтті. Содан кейін  салтанатты шарада Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Маржан Балбаева, «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалы төраға­сының бірінші орынбасары Баймұрат Жамбылов, Алматы қаласы колледждері қауымдастығының төрағасы Жантілеу Азизханов сөз сөйледі. Сондай-ақ, бұл шараға қаладағы колледж директорлары мен  мәдениет қайраткерлері қатысты. Соның ішінде ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ұлт аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі Сәуле Қаниеваның шәкірттері күмбірлетіп күй тартып, көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлады.

Атап өтетіні, «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Камал Әмірғалиұлы өз колледжінде «Рухани жаңғыруға» арналған түрлі мәдени шаралар өткізіп келеді. Мысалы, былтыр Алматы колледждері тәлімгерлері арасында ақындар айтысы мен тәуелсіздігімізге арналған жас ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылып, ол жұрт көңілінен шығатындай қызықты өтті. Әрине, құрылыс мамандарын дайындайтын техникалық бағыттағы колледждің «әркім­нің де өнерге бар таласы» дегендей, өнер-білімге бүйрегі бұрып тұрғаны құптарлық жағдай. Сондықтан да «Ата дәстүр» орта­лығының еліміз рухани жаңғыруына қосатын үлесі

жылдан-жылға өсе түсетініне кәміл сенімді  болып, қызғылықты да тартымды мерекелік іс-шарадан жақсы пікір қалып­тастырып тарастық.

Айтқандай, дәл осы күні Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясы колледжінде, сондай-ақ, 14 сәуірде Бостандық ауданын­дағы И.Жекенова атындағы қалалық клиникалық аурухана мен Орталық Азия университетінде, ал 15 сәуір күні №51 мек­тепте «Наурыз мейрамы» жоғары деңгейде ұйымдастырылып, аталып өтті.

Байғали ӘБДӘЛІҰЛЫ,

«Нұр Отан» партиясы Бостандық  аудандық филиалының кеңесшісі.      

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close