АТА-БАБА ҮРДІСІН, САҚТАУ БІЗДІҢ САЛТЫМЫЗ…

Итен ҚАРЫМСАҚҰЛЫ,

ҚР Ақпарат саласының үздігі, Қазақстанның Құрметті журналисі,

Қызылорда қаласының және Сырдария ауданының Құрметті азаматы.

Өтеді сөз – сүйектен,

Таяқ — еттен.

Атыңа сын айтылса,

Алма беттен.

***

Ар мен ұят егіз,

Жатқан шалқып теңіз.

Ой жіберіп өмірге,

Ұрпақтың қамын жеңіз.

***

Таусылды ғой төзім,

Қалмасын жерде сөзім.

Кімнің қандай екенін,

Көріп жүр екі көзің.

***

Ата-баба үрдісін,

Сақтау біздің салтымыз.

Қойсақ қалып жар жолда,

Бүтін емес, жартымыз.

***

Айтайын бір дерек,

Ұғар мұны зерек.

Абыройын қоғамның,

Қатаң сақтау керек.

***

Мына нұрлы өмірдің,

Неге шырқын бұзамыз?

 

Әдепсіз істі көргенде,

Келеді ашу-ызамыз.

***

Тәрбиесін баланың,

Алмасаң қолға жасынан.

Бетбақтырмас өскенде,

Мейманасы тасыған.

***

Ұяда не көрсең,

Ұшқанда соны ілесің.

Өмірдің мәнін ұқпасаң,

Басың айналып жүресің.

***

Ойлаған адам бас қамын,

Жәй-күйін білмес басқаның.

Уақыт жылжып өтеді,

Білсең өмір қас-қағым.

***

Қу тағдырдың қызығы,

Жанға тыным бермейді.

Денсаулық кетсе сетінеп,

Қолыңнан түк келмейді.

***

Толқынында өмірдің,

Бұйырма сөзді айыпқа.

Мініп әзір келеміз,

Жалғыз ескек қайыққа!

***

Қанатына оқ тиген,

Бір жаралы құстаймыз.

Көтеріліп биікке,

Неге самғап ұшпаймыз?

***

Қызық жансың өзің,

Мұны терең сезін.

Көбіне құлақ салмайды,

Қатар жүрген езің.

***

 

Кетпесін көз алдыңнан,

Ананыңасыл бейнесі.

Ұмытып неге кетеміз,

Қадірін білмей кейде осы?!

***

Көбіне артық кетеміз,

Сақтамай сабыр, ізетті.

Қабағың түссе, түнімен,

Көз ілмей сені күзетті.

***

Көсегесі көгерер,

Анасын мәңгі ұнатқан.

Болмайды жолы өмірде,

Жазықсыз жанды жылатқан.

***

Ананың жүзі, тұлғасы,

Шықпасын мәңгі есіңнен.

Өніп, өссін ұрпағы,

Далада кең көсілген.

***

Айтпа ақыл ұқпасқа,

Бос шығын ғып сөзіңді.

Білмей ана қадірін,

Етер тәлкек өзіңді.

***

Қашан, қайда жүрсең де,

Анаға аусын пейілің.

Ақтау үшін ақ сүтін,

Болсын таза зейінің.

***

Анасын көріп қызын ал,

Атадан қалған өсиет.

Жеткізер құт-береке,

Бойына сіңген қасиет.

***

Анаға тартып қыз туар,

Бойына жинап көргенін.

Болса жаман әйелің,

Өмір бойы өлгенің.

***

Әйелдіңсөзі құйын,

Тәртіпке салу қиын.

Мүлде басың айналып,

Атала болар миың.

***

Ойы таза алтындай,

Мінезі де салмақты.

Осындай қызға қызығып,

Сал тезірек қармақты.

***

Көңілің де өседі,

Болса жақсы ұл-қызың.

Біле білсең бұл сенің,

Көкте жанған жұлдызың.

***

Бар ұшпағың, қызығың,

Көретін қыз, ұл ғана.

Бекерге кеуде көтеріп,

Өзіңді-өзің бұлдама.

***

Бәрін көріп, білген соң,

Айтсам сөздің түйінін.

Тағдыр басқа салмасын,

Баланың жаман күйігін.

***

Болса балаңсүйкімді,

Тарқатады шеріңді.

Көңіліңнен шықпаса,

Тарылтады теріңді.

***

Баласына адамның,

Ең керегі — қанағат.

Сақта сабыр өмірде,

Құнықпаңдар жамағат.

***

Сәл нәрседен ренжіп,

Қалса адам көңілі.

 

Пәсеңсіп ішкі сезімі,

Ұмытпайды өмірі.

***

Айтсам бір сөз өтім,

Кетпес жарылып өтің.

Балаң тіліңді алмай,

Жүрмесін қызарып бетің.

***

Жастайынан баланың,

Түземесең бесігін.

Қинайды ашып, жапқанда,

Қу дүние есігін.

***

Бүгінгі бала өресі,

Бұрынғыдан тым биік.

Ұлың түгіл – қызың да,

Тұр секіріп бір киік.

***

Киігің де жақсы ғой,

Жүрер жортып шұбарда.

Жасы үлкендер азайды,

Ақыл айтар бұларға!

***

Балаңның жүріс, тұрысы,

Көңіліңнен шықпаса.

Салың суға кетеді,

Айтқаныңды ұқпаса.

***

Үйрет бәрін балаңа,

Сала бермей қыспаққа.

Болса дұрыс қайырымы,

Жетер қолың ұшпаққа.

***

Білсең балабайлығың,

Алақанда аялар.

Болса жаман, біткенің,

Өлуге халің таянар.

***

 

Қызғаншақ болма өмірде,

Болсын таза ниетің.

Жақсылық жаса адамға,

Құрметтеп шын сүйетін.

***

Жасама залал досыңа,

Кешікпей келер басыңа.

Кісімсіп кеуде көтеріп,

Бекерге асып, тасыма.

***

Болса таза пейілің,

Кетеді ұзап ғұмырың,

Көзге сұлу көрінер,

Еңбекпен шыққан тұғырың.

***

Күнде жүріп, тұрғанда,

Болсай ие ауызға.

Ішінде бір дәні жоқ,

Кетпей ұқсап қауызға.

***

Адамды босқа алдама,

Қашады іс жүйесі.

Жолың болмай тірлікте,

Жұғады жұртқа күйесі.

***

Адамға кек сақтама,

Ісің оңға баспайды.

Бойды билеп арамдық,

Көңілді кірлеп тастайды.

***

О басында жаратқан,

Еткен мінсіз адамды.

Ұстап таза бойыңды,

Дұрыстап бас қадамды.

***

Ұрпақ өмір жалғасы,

Сал ұдайы назарды.

Түзу жолға түспесе,

Көресің сұмдық азарды.

***

Тәрбиенің қалдырмай,

Берсеңдағы қандайын.

Жетесіне кірмесе,

Ашылмайды маңдайың.

***

Жетпесе ойдыңтүбіне,

Ағартады шашыңды.

Алдында елдің қорлайды,

Алтындай асыл басыңды.

***

Жүрген жүрісің жаман,

Кіреді қашан санаң?

Ойла алды, артыңды,

Ержетіп қалды балаң.

***

Болса дұрыс ісің,

Қалар жылып ішің.

Басып оңға шаруаң,

Арта түсер күшің.

***

Барады зулап уақыт,

Жатқан ағып бұлақтай.

Ұстасаң қолға тұрмайтын,

Жылтылдап тұрған сынаптай.

***

Басыңа тұрса төгіліп,

Жайдары шуақты күн.

Қолпаштауға еті үйреніп,

Жұмсақ сөзді жақтырмас кім?

***

Болма құлы нәпсінің,

Жолына түсіп салынып.

Өмірден ығып кетесің,

Өсек сөзге малынып.

***

Жақсы адамның бойына,

Жарасады кісілік.

 

Кере берме кеудеңді,

Шіреніп, кейде ісініп.

***

Тойымсыз адам өмірі,

Құнығуын қоймайды,

Көмей шіркін бүлкілдеп,

Жеуді ғана ойлайды.

***

Аталы сөз — алтын,

Шашылып жерде қалмас.

Өмірді терең түсінген,

Жамандыққа бармас.

***

Адамның  өн бойына,

Биязылық жарасады.

Сөзге — қонақ бер,

Сонда кім таласады?!

***

Бойдан шуақ төгіліп,

Тәңір өзі сақтасын.

Түсін адам суытып,

Ала көзбен атпасын!.

***

Өліп, өшіп құнығып,

Екі көзің тесіледі.

Байлықтыңтүбіне,

Айтшы, кім жетіп еді.

***

Баю – мұрат емес,

Көзге – құрғақ елес.

Адамды көп алдайды,

Кетсе қайтып келмес.

***

Дүние, байлық бір күндік,

Барасың қайда асығып?!

Ертең өзің өлгенде,

Қалады бәрі шашылып.

***

 

Дүниенің түбіне,

Жете алмайсың, жетпейсің.

Қанша кеуде керсең де,

Елден озып кетпейсің.

***

Жақсы менен жаманның,

Ара жігін ашыңыз.

Құшағыңды кең жайып,

Бойдан шуақ шашыңыз!

***

Жолатпа мүлде маңыңа,

Адамның жын, перісін.

Екі көзі қызарып,

Салатын ұрыс-керісін.

***

Тыныштық сақтап әрдайым,

Бір қалыпты жүрейік.

Бұзбай шырқын қоғамның,

Құлақты ғана түрейік.

***

Алтыннан қымбат Отаның,

Күлімдеп, гүлдеп өсесің.

Болмаса түзу ниетің,

Тамырың солып, өшесің.

***

Қолда бардадүниенің,

Саны көп, қадірі жоқ.

Ескемұны алмайды,

Ойы арам, тамағы тоқ.

***

Туған жерін көркейтер,

Отанын шын сүйетін.

Ойың алға баспайды,

Болса жаман ниетің.

***

Сөз – мәңгі өлмейді,

Жатады ылғи жаңғырып.

Уақытпен алға жылжиды,

Адамзатты таң қылып.

***

Кеткен әрбір сәтсіздік,

Жығар бір күн жарға да.

Ойламаған опық жер,

Кір келтіріпарға да.

***

Болса жақсы сенімің,

Күш-қуатың артады.

Туса жаман пейілің,

Кежегең кейін тартады.

***

Өзгеден қатты қызғанасың,

Пейілің неге тар?

Дүние терең, құз,

Ертең жоқ, бүгін бар.

***

Дүниеде ең жаманы,

Қарғыс атқан.

Өмірде өксіп жүріп,

Сеспей қатқан.

***

Жүрмеңіз біреуді,

Алдап, арбап.

Кетеді ақыр соңы,

Басты жалмап.

***

Жасына жетпей әлі,

Көтерген көкірегін.

Талғамы қатал өмірде,

Жүрбілмей өкінерін.

***

Шекпейсің қапа өмірде,

Болса жақсы алғаның.

Қатар-құрбы алдында,

Арта түсер салмағың.

***

Ұрпағың да өседі,

Кеңінен жайып қанатын.

 

Көбейе берсін қатары,

Жүзі оттай жанатын.

***

Тарылмасын ой-өріс,

Шалмасынкір бойыңды.

Дүниені бүлдірмей,

Ұста таза ойыңды.

***

Кей адамның зорға ғана,

Билікке қолы жетеді.

Қонжиған соң орынтаққа,

Кеудесі ісіп кетеді.

***

Көзі шалған адамдар да,

Мұны жақсы байқайды.

Ұсақ-түйек нәрсеге де,

Салады кеп айқайды.

***

Ұшып түсіп қызметінен,

Кеткенін де білмейді.

Көңілі қалған кей адамдар,

Көзіне де ілмейді.

***

Назарың төмен түсіп,

Бетің неге ісік?

Тентек суды қылғытып,

Жүрсің бе әлі ішіп?!.

***

Көз – өмірдің айнасы,

Жеткізер бәрін көңілге.

Көргенін толық жинақтап,

Жолдама берер өмірге.

***

Көкжиегін дамытып,

Құлашын жаяр ойдың да.

Қанша нәрсе көрсең де,

Қызығына тойдың ба?

***

 

Табады дәлелді,

Әлі жеткен.

Уақыт көп өткенде,

Ісінің мәні кеткен.

***

Танысқанда екі жүзді,

Бетіңе күле қарайды.

Өзіне пайда түспесе,

Кетеді алдап талайды.

***

Кездескенде жырпылдап,

Жоқ сөзінің тұрағы.

Кей адамды осылай,

Төбеден құдай ұрады.

***

Тұруға ерте ерінесің,

Төсекте жатып керілесің.

Ата-ананы сыйлаудан,

Шынын айтшы, не білесің?!

***

Көбіне ақыл айтып,

Көп сөйлеп ісінесің.

Мына ғажап өмірдің,

Қадірін қашан түсінесің?

***

Қулық, сұмдық, өтірік,

Жегідей жейді адамды.

Жүргің келсе қатарда,

Бас дұрыстап қадамды.

***

Еңбек зая кетпейді,

Береді халық бағасын.

Кесімді шешім айтқанда,

Ұстар сонда жағасын.

***

Өсіп жылда лауазымы,

Түскен емес ойға да.

Кете берсе осылай,

Жететін шығар айға да.

***

Сөз – асыл алмас,

Жасайды сан ғасыр.

Білмес оның қадірін,

Ойы таяз, масыл.

***

Әділ сын керек,

Мінді түзеу үшін.

Жоюға кедергіні,

Аянба, келсе күшің!

 

АЛМАТЫ

 

 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close