Ата-аналардан ақша жинауға ЕШ НЕГІЗ ЖОҚ

Алматы әкімдігінде мектеп директорларының қатысуымен кеңес өтті. Онда білім жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Кездесуді қала әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев ашып, Мемлекет басшысының білім жүйесіне айрықша назар аударатынын, бұл мәселенің Жолдауда да айқын көрініс тапқанын атап өтті. Білім саласын қаржыландыру жыл өткен сайын арта түсіп, тек соңғы 5 жыл ішінде ғана 27 млрд. теңгеге өскен.

Алматыда мектеп жасына дейінгі және жалпы орта білім берудің сапасын күшейту мақсатында жыл аяғына дейін білім жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және PІZA, SAT, AST сынды халықаралық стандарттарға көшуде бірыңғай кәсіби та­лаптар енгізуге қатысты шаралар жоспары бекітіледі. Мемлекет басшысы тапсырма­ларын орындау аясында елді-мекендерді дамыту жоспарлары мектеп салу сызба­ларымен үндесіп, соның арқасында жеке инвестициялар есебінен мектеп құрылыс­тарының қарқыны артатын болады.

Дегенмен, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойын­ша департаментінің директоры Данияр Таумұрат өзінің сөзінде білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды белсенді түрде жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

«Қазірдің өзінде ата-аналар мектепті жөндеу, тазалау немесе басқа да шараларға ақша жинау фактілерінің орын алғаны туралы хабарлап жатады. Неге бұлай? Ата-аналар текке шығынданбаулары керек. Өйткені, барлық қажеттіліктер үшін бюджеттен жеткілікті қаржы бөлінеді. Сыбайластыққа қарсы күрестің ұтымды жолы – цифрландыру. Мұнда мемлекеттік қызмет көрсету процесінде шешім қабыл­дау үшін адами фактор жойылады. Білім басқармасы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруда. Өткен жылдан бастап «Алматы мектеп» бағдарламасы жұмыс істей бастады. Биылғы жылы балабақша­ларға кезекке қою бағдарламасы қолға алынды», – деді Данияр Таумұрат.

Сонымен қатар, мектептерде ақша жинауға қатысты ақпараттардың барынша тексерілетінін, егер ондай келеңсіздіктер расталатын болса, тиісті құқықтық баға берілетінін айтты. Ақша жинау фактілеріне кінәлі жандарға қатаң шаралар қолданы­лады, тіпті сыбайластыққа қарсы күрес заңнамасына сай қылмыстық іс қозғалуы мүмкін екенін ескертті.

«Педагогтардың басты міндеті – бала­ларды оқыту мен тәрбиелеу. Қазіргі кезде ата-аналардан оқу орындарын жөндеуге, түрлі заттар алуға қатысты ақша жинауға еш негіз жоқ. Өкініштісі, кейбіреулер өздерінің мемлекеттік секторда қызмет ететінін ұмытып кететін сияқты. Мемле­кеттік білім мекемелеріне тиесілінің барлы­ғы – мемле­кет­тің меншігі, яғни салық төлеушілердікі», – деді қаланың Білім басқармасының басшысы Гүлнар Хожабергенова.

Ол өзінің сөзінде жыл сайын Білім басқармасы ақша жинауға жол бермеу мақсатында әр мектепке «Білім мекеме­лерінде ақша жинауға тыйым салынғаны туралы» хат жіберілетінін, оны орындау қаладағы білім ұйымдарының бірінші басшыларына жүктелетінін айтты. Тек 2018 жылы 7 мектеп директорлары қызмет­терінен босатылған  көрінеді.

 

«Ақшам-ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *