Ата-аналар «үй тапсырмасын» орындап келді

Рая ЕСКЕНДІР

 

Жетісу ауданындағы №97 бөбекжай-балабақша ұжымы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында әз-Наурыз мерекесіне арнап «Ұлттық біре­гейлікті сақтау» атты ата-аналар арасында сайыс өткізген еді.

Еліміздің болашағы болып табылатын жас ұрпаққа жан-жақты тәрбие беруге бәріміз де жауаптымыз. Әсіресе, қазірден бастап ұлттық құндылықты санасына сіңіріп өскен бала күні ертең нағыз елін сүйетін азамат болып шығады. Осы ретте бала тәрбиесі отбасынан бастау алып, балабақша мен мектеп оны толықтырып отырады. Сондықтан ата-аналар арасында өткен сайыс­қа бүлдіршіндер көрермен ғана емес, жанкүйер ретінде де қатысып отырды.

Сонымен, ата-аналар алдымен өздерін таныстырды. Келесі кезекте сұрақ-жауап атты шартқа сай әділқазылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, шапшаңдық танытып жатты. Мұндағы қойылған сауалдар негізі­нен «жеті қазына», «жеті ата», «сүттен жасалған ұлттық тағам­дар» деген сыңайлы болып келді. Әсіресе, ата-аналар «үй тапсыр­масына» өте жоғары дайындықпен келгендіктерін көрсетті. Алты топтың ата-аналары өздері дайын­дап келген «үй тапсырмаларын» көрсетті.

Қазақтың ұлттық салт-дәс­түр­лері «сырға салу», «қыз ұзату», «тойбастар», «бесікке салу», «тұсау кесу», «баланы қырқынан шығару» бұл күні де қайта жаңғырып, халқымен қауышты. «Өз өнерін көрсетуде» де ата-аналар белсенділік танытты. Өздерінің «сегіз сырлы, бір қыр­лы» екендіктерін танытқан ата-аналар ұлттық мұраны көздің қарашығындай сақтайтын­дықта­рын көрсетті.

Сөз кезегін алған балабақша меңгерушісі Құрбанкүл Шәкірова барлық ата-аналарға алғысын білдірді. Келген қонақтар бұл жолы да ата-ана мен балабақша арасындағы жүйелі жұмыс, тығыз байланыстың бір сәтіне куә болды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close