Ата-аналар атқарылған жұмыстың есебін тыңдады

2020 жылдың 21 қазан күні Алматы қаласы Наурызбай ауданы №176 мектеп-гимназиясында №1 жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде қашықтан оқу форматының ұйымдастырылуы мен атқарылған іс-шаралар және 2020 жылдың І, ІІ, ІІІ тоқсанына бөлінген қаржыға есеп беру мәселелері қарастырылды. Жиналыс ЗУМ платформасы арқылы 1-11 сынып ата-аналарының және сынып жетекшілердің қатысуымен өткізілді.

Жиналыс барысында, мектеп-гимназия директоры Г.Аденова оқушыларды қашықтан оқыту құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында мемлекет есебінен және қайырымдылық қорынан берілген қайтарымсыз жабдықтарды үлестіру бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Осы орайда «Қамқорлық» акциясы барысында атсалысып, көмек ұйымдастырған барша ата-аналар мен «Қамқоршылық кеңес» мүшелеріне де алғыс білдірілді. Сондай-ақ, қашықтан ұйымдастырылып жатқан түрлі іс-шаралар мен жеткен жетістіктеріміз туралы ата-аналарды хабардар етті. 2020 жылдың І, ІІ және ІІІ тоқсанына бөлінген қаржыға да толықтай есеп беріп, кесте түрінде ата-аналардың назарына ұсынды.

Жиналыс соңында ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалауды және қашықтан оқуға байланысты қандай да бір қиындық туындаған жағдайда мектеп әкімшілігіне келіп, шешімін табуға болатынын ескертіп өтті.

«Ақшам-ақпарат»

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *