АТҚАРЫЛАР ШАРУА КӨП

Ауданның 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы

Санжар ТОҒАЙ, Наурызбай ауданының әкімі

 

Наурызбай ауданында 11 шағынаудан бар.

Ауданның құрылған жылы: 2014 жыл.

Халық саны: 138,957 мың адам.

Аумағы: 6,9 мың га.

 

Экономика

Салық түсімі аудан құрылғаннан бері 26 есеге артты. 2014 жылы 400 млн. теңгені құраса, 2019 жылы – 10,5 млрд. теңгеге дейін өсті.

Аудан құрылғалы бюджет есебінен 81 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлінген, 2019 жылы 10 млрд. теңге игерілді.

 

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп

2019 жылы жаңадан 2137 бизнес субъектілері тіркелді. Жалпы 2581 заңды тұлға және 6105 жеке кәсіпкерлер жұмыс істеп келеді.

Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 2019 жылы 5,9 млрд. теңгеге, ал нақты индекс көлемі 103,7 пайызға өсті.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2014 жылы 7 млрд. тг. болса, 2019 жылы – 43,6 млрд. теңгеге дейін, яғни 6,5 есеге өсті.

Аудан құрылған кезден бастап шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 5 есе өсті. 2 мыңнан аса жаңа жұмыс орындары ашылды. Тауар айналымы 750 млн. теңгеден (2014 жыл) 22,7 млрд. теңгеге дейін (2019 жыл) көбейіп, 30 есеге артты.

 

Сумен жабдықтау және су бұру

Бүгінгі күні Наурызбай ауданы тұрғындарының 30%-ы (41 200 адам) орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз етілген, 20%-ы (27 454 адам) 36 жеке қолданыстағы су ұңғымаларынан және тұрғындардың 50 %-ы (68,6 мың адам) «Қарғалы» және «Ақсай» өзендері арқылы алынатын ашық су тоғандарынан пайдаланып келеді.

2019 жылы аудандық су құбырына қызмет көрсетуші апаттық бөлімнің күшімен 1230 апат (815 – Алматы су, 383 – жеке қолданыстағы су құбырлары) қалпына келтірілді.

 

Электрмен жабдықтау

Электрмен жабдықтаушы жеке қолданыстағы транс­форматор қондырғылары мен электр желілерін коммуналдық меншікке өткізу бойынша тиісті басқармалармен жұмыстар жүргізіліп 2016–2018 ж.ж. иесіз деп танылған 34 дана трансформатор қондырғылары мен 95 шақырым электр желілерін Алматы қаласы әкімінің коммуналдық меншікке өткізуі жөніндегі қаулысы шығарылды. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мекемесімен қондырғылар мен электр желілеріне барлық қызмет түрлері көрсетілетін болады.

 

Абаттандыру және көгалдандыру

2019 жылы 20 аулааралық аумақтарға абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстар аудан құрылғаннан бері 55 аулада жүргізілген болатын.

Көріктендіру жұмыстары барысында 4000 дана ағашқа санитарлық қырқу, 105 апатты ағаштарға санитарлық кесу жұмыстары жүргізіліп, 6760 жапырақты және қылқан жапырақты ағаш көшеттері отырғызылды.

Есепті кезеңде аудан аумағындағы магистральді көшелер бойында жалпы ауданы 7500 шаршы метр аумаққа гүлмен әсемдеп безендендіру жұмыстары жүргізілді.

 

Санитарлық тазалықты қамтамасыз ету жұмыстары

Аудан аумағында  қатты-тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмыстарына 3  мекеме, 3  көше тазалығын және арық жүйе­ле­рі­нің тазалығын жүргізетін мердігер ұйымдар жұмыл­дырылған.

Жалпы, қыс мезгілінде 36 мың м3 қар, ал жаз мезгілінде 85 мың м3 қоқыс шығарылды. Есепті жыл ішінде бір жалпықалалық және 60-қа жуық желілік сенбіліктер өткізілді.

Аудандық табиғатты қорғау полиция қызметкерлерімен Алматы қаласы көріктендіру ережелерін бұзғаны үшін 1583-тен аса хаттама толтырылып, 9,5 млн. теңге айыппұл салынды.

 

Жол құрылысы

2019 жылы Абай даңғылын Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейінгі құрылыс жұмыстарына бюджеттен 2,3 млрд. тг. қаражат бөлінді. Жергілікті бюджеттен Төле би және Нұрлы (МУРЗ) көшелерін ұзарту мақсатында 101 млн. теңге қаражат бөлініп жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді.

2020 жылы жол жөндеу жұмыстарын қажет ететін жалпы ұзындығы 65 шақырымды құрайтын 98 көшеге тиісті тапсырыс жолданды.

Өткен жылы «Ақсай» өзені арқылы өтетін Эдельвейс бау-бақшасы аумағындағы және Жандосов көшесіндегі көпір өткелдері кеңейтіліп, күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

Сәбденов көшесін абаттандыру жобасы жүзеге асырылып, аталған жұмыс барысында жаяу жүргінші жолдарына кедергі келтіріп тұрған 26 электр бағандары және 3 трансформа­тор­лық қондырғылардың орны ауыстырылды, жаяу жүргінші жол­дары қайта жаңғыртылып, жарық бағандары, балалар және Workout алаңы, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды.

 

Арық желілері

Аудан құрылған кезде арық жүйелерінің ұзындығы 25 шақырымды құрайтын 24 көшеде ғана болса, бүгінде 65,5 шақырымды құрайтын 69 көшеде бар. Аудан құрылғаннан бері 45 көшеде 44,5 шақырым жаңа арық желілерінің құрылысы салынды. Бағдарлама әкімгері Жасыл экономика басқармасымен 48 шақырымды құрайтын 45 көшеге жаңа арық жүйесінің құрылысын салуға жобалау сметалық құжаттама әзірленуде.

 

Көлік бойынша

Аудан аумағында 19 бағытта қоғамдық көлік қызмет көрсетеді. 2019 жылы 3 бағыттағы №4, 14, 118 жылжымалы құрамдар жаңартылып, №27 және 118 маршруттар әкімшілік орталыққа дейін ұзартылды. Сонымен қатар,  «Қалқаман» шағынауданының тұрғындарын қамтитын №110 маршрут, Қарасай ауданынан қатынайтын №212 бағыты ашылды.

Ауданда 124 аялдама бекеттері бар, олардың 94-і жаңадан қойылса, 15 аялдама 2019 жылы тұрғындардың өтініштерімен орнатылды. 2020 жылға тағы да 31 жаңа аялдама орнатылады.

 

Жарықтандыру

2019 жылы ұзындығы 20 шақырымды құрайтын 24 кө­шеде сыртқы жарықтандыру желісінің құрылысы салынып, 660 жарық нүктесі орнатылды.

Соңғы жылдары 73 көшеде жалпы ұзындығы 96 шақы­рым құрайтын жаңа сыртқы жарық жүйесінің құрылысы са­лынды.

Қазіргі уақытта ауданымыздағы 348 көшенің 103 көшесі (5063 жарық нүктесі, 30%-ы құрайды) сыртқы жарықтан­дырумен қамтамасыз етілген. Ағымдағы жылы аудан аумағын­дағы жарықтандырылмаған шағынаудандар көшелеріне жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.

 

Жұмысқа орналастыру бойынша

2019 жылы ауданда 2050 жаңа жұмыс орны ашылды. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын» орындау бойынша Наурызбай ауданы қала бойынша 2-орында (орындалуы – 144%). Тұрақты жұмыс орындарына – 717 (264,6 %); Қоғамдық жұмыс орындарына 140 (297,9%); Әлеу­меттік жұмыс орындарына – 43 (204,8%); Жастар тәжірибе­сіне – 93 (157,6%); Қысқа мерзімді курстарына – 200, 100 және 200 АЕК грантына – 217 (133,1%); Мемлекеттік және үкімет­тік бағдарламаның жобасы бойынша жұмысқа орналастыруға – 49 (408,3%).

 

Бизнесті қолдау бойынша

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша 2019 жылы 65  млн. теңгеге 4 жоба мақұлданды.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен да­мытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша 675 млн. теңгеге 4 жоба мақұлданды,  18 жаңа жұмыс орны құрылды. Сондай-ақ, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Қолдау» Кәсіпкерлікті қолдау орталығымен бірлесіп, ауданның 4000-нан астам тұрғынын қамти отырып, 2019 жылғы 18 қыркүйек пен 18 қазан аралығында «Кәсіп алаңы» бір күндік мотивациялық курстары өткізілді. Қазан айынан бастап аудан аумағында «Қолдау» Кәсіпкерлікті қолдау орталығының аудандық  филиалы қызмет көрсетуде.

 

Білім беру бойынша

Ауданда 17 орта білім беретін мектепте – 17583 бала білім алады. 1108 мұғалім қызмет атқарады. «Қалқаман» және «Шұғыла»  шағынаудандарында 2700 орынға арналған жаңа 2 мектептің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда.

2019 жылғы ҰБТ-ға аудан бойынша 327 оқушы қатысып, 121 оқушы грантқа түсті. 16 бала «Алтын белгі» және Республикалық және қалалық пәндік олимпиадаларға ауданымыздан 47 оқушы қатысып, оның 21-і жүлдегер атанды.

Аудан аумағында жалпы саны 4300 бала баратын 3 мем­лекеттік және 82 жекеменшік балабақшалар жұмыс істейді. 2014 жылы ауданда 9-ақ балабақша болса, 2019 жылы балабақшалар саны 10 есе өсті, оның 63-і «Балапан» мемле­кеттік білім беру тапсырысы аясында  жұмыс істейді.

2019 жылы 603 орынға арналған 18 балабақша ашылды. Шұғыла шағынауданында 320 орынға арналған  №184 жаңа заманауи мемлекеттік балабақша ашылды. Сонымен қатар, биыл 560 орынға арналған 3 балабақшаның ашылуы жоспарланған.

 

Денсаулық сақтау бойынша

Аудандық денсаулық сақтау жүйесінде 12 мемлекеттік мекеме (3 емхана, 3 аурухана, 2 жедел жәрдем станциясы, 1 қалалық патологиялық анатомиялық бюро, 3 дәрігерлік амбулатория), яғни  794 дәрігер және 1941  орташа медици­налық қызметкерлер жұмыс істейді.

2019 жылы «Қарағайлы» дәрігерлік амбулаториясы ашылды. Бүгінгі күнде 11 мыңға жуық адам тіркелген, 13432 медициналық қызмет көрсетілді.

2019 жылдың мамыр айында «Жастар денсаулық орталы­ғы» құрылды. Орталықта 25 еріктілер жұмыс жасайды.

Осыған қоса, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген адамдардың саны 157,4%- ға дейін, яғни 27 474 мың адамнан 70 719 мың адамға дейін өсті.

 

Әлеуметтік қорғау

«Бақытты отбасы» орталығында 2075 аз қамтылған және көпбалалы отбасы қамтылған. 33 көпбалалы отбасына пәтер берілді, 1586 отбасыға 112 млн. теңге көлемінде көмек көр­сетілді, 165 көпбалалы және аз қамтылған отбасылар әлеу­меттік көмек ретінде (киім-кешек және азық-түлік) серти­фикаттар алды.

Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 456 оқушыға 14,1 млн. теңгеден астам стипендия төленді.

Оқыту курстарына 267 адам жіберілді, 78 отбасы грант алды. 11 отбасыға бизнес құру үшін демеушілер тарапынан көмек көрсетілді.

 

Құқықтық  тәртіп бойынша (модульдік бекеттер, сервистік полиция)

2019 жылдың қорытындысы бойынша Наурызбай ауданы Алматы қаласының басқа аудандарына қарағанда, қылмыстардың ең аз тіркелген ауданы болып саналды, аудан аумағында 2018 жылы 2404 қылмыс, 2019 жылы 2045 қылмыс тіркелді, яғни қылмыс деңгейі 15% төмендеді.

Аудандық полиция қызметкерлерімен 2018 жылы 14 806 хаттама толтырылды, айыппұл сомасы 115 млн. теңгені құрайды, 63 млн. теңге өндірілді (55%), 2019 жылы 13 153 хат­тама толтырылды, айыппұл сомасы 126 млн. теңгені құрайды, 64 млн. теңге өндірілді (51%), яғни әкімшілік құқықбұзушылық деңгейі 11%-ға төмендеді.

Қауіпсіздікті нығайту мақсатында ауданымызда тәулік бойы жұмыс жасайтын 4 модульдік полиция бекеттері орнатылды, сондай-ақ ауданның жеке кәсіпкері «Қалқаман» шағынауданында №103 полиция пунктіне жұмыс орнына және полиция қызметкерлері отбасыларымен бірге тұруға арналған ғимарат салып берді.

2019 жылы аудан аумағында адамдар көп жиналатын жерлерде 12 бекетте бейнебақылау камералары, аудан көшелерінде 21 «Сергек» камералары орнатылды.

Аудан халқының жағдайын жақсарту үшін биыл да жоспарлы жұмыстарды жалғастырамыз.

Тұрғындардан өтініштер, ескертулер және пікірлер жинауға арналған арнайы жәшіктер келесі мекен-жайларда:

  1. № 174 МГ Шұғыла ш/а, 340 Б.
  2. № 1 ҚКЕ Қалқаман ш/а, Әшімов к-сі, 2.
  3. №200 МГ Шұғыла ш\а, 243/2 үй.
  4. №192 ЖББМ Карағайлы ш\а, Надыров к-сі, 50 үй.
  5. №176 МГ Қалқаман-3ш/а, Қыдыров к-сі, 47 үй.
Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *