Ғасырмен құрдас әженiң батасын алды Ғасырмен құрдас әженiң батасын алды

Қарттар айлығын мерекелеу аясында Әуезов ауданының әкiмi Бекқали Торғаев ғасыр жасаған Рыстай Манаспаева әжейдiң үйiне барып, төл мерекесiмен құттықтады.

Рыстай Манаспаева 1909 жылдың 1-қаңтарында дүниеге келген. Бүгiнде 102 жасқа толып отырған әжей сұрапыл соғыс уақытында бұрынғы Талдықорған облысында еңбек тылында, тың игеру науқанында тракторшы болып қызмет еткен. Сол уақыттағы елеулi еңбегi үшiн Рыстай апамыз бiрнеше медальдармен және мақтау қағаздарымен марапатталған. Бүгiнде бiр ұл, бiр қыздан тараған 11 немере, 28 шөбере мен 6 шөпшектiң қызығын көрiп отырған бақытты жан. Қарт ана Алматы қаласында 2000 жылдан берi тұрып келедi.

Аудан әкiмiн ақ дастарханымен қарсы алған қарт ана жарасқан әңгiме барысында өткен өмiрiнiң есте қалған сәттерiнен сыр шерттi. Сөз арасында Бекқали Нұрғалиұлы мереке иесiне құттықтауын жеткiзiп, әжейдiң ақ батасын алды.

Әуезов ауданы бойынша, бүгiнде 370 мыңға жуық тұрғын болса, оның iшiнде 37 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Сонымен қатар, ауданда Ұлы Отан соғысының 480 ардагерi мен мүгедектерi және 4 мыңнан астам еңбек тылының ардагерi, сондай-ақ, 90 жастан асқан 300-ден аса зейнеткер мен ғасыр жасаған 8 қария бар.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *