ҒАСЫР ДЕРТІ

Қоғамда әлеуметтік желілерде кез-келген дерлік адамның өзінің жеке парақшасы бар. Әсіресе, соңғы уақытта, тіпті бастауыш сынып оқушыларына дейін уақыттарының көп бөлігін Facebook, Іnstagram, WhatsApp, Twіtter, ВКонтакте сияқты желілерде отыруымен өткізеді. XXІ ғасыр адамы интернет-ресурстарынсыз өмірін көз алдына елестете алмайтын халге дейін жеткен. Ал мұндай құмарлықтың нәтижесі нендей болмақ?

Тәуелділік. Тәуелділіктің алғашқы белгісі желідегі парақшаларды қайта-қайта ашып, тексеріп қарай беру. Мейлі келген хаттарды оқу болсын, мейлі қабырғадағы жаңалықтарды қарау болсын, әйтеуір әлеуметтік желіге әуестік темекіге тәуелділік секілді қауіпті екенін есте сақтауымыз керек.

Қызғаныш. Әлеуметтік желілер жиі қызғаныштың себепшісі болып жатады. Жүргізілген сауалнамаларға сәйкес, жас жұбайлардың немесе ғашықтардың көбісі бір-бірінің әр басқан қадамдарын осы ғаламдық желілердің көмегімен біліп отыратын көрінеді. Оның үстіне бұндай аңдуды іске асыру да оңайдың оңайы. Тінтуірді бірнеше рет бастың, көп «лайк» басқан «қарсыласың» қолыңда. Әрине, ақылға қонымсыз қызғаныш. Дегенмен, статистикаға сүйенетін болсақ, ажырасуға ең үлкен себепкер әлеуметтік желілер болып табылады екен.

Бақытсыздық. Көп адамдар әлеуметтік желілерді өмірлерінде болып жатқан жаңалықтарын дүйім елге жеткізу құралы ретінде пайдаланады. Жаңадан алған киімдерін, шет елдегі демалысынан бір суретін немесе жәй ғана қалжың видео болсын халықтың назарына ұсынады. Егер біреудің өмірі бір сарынды, сұр күндерге толы болса, онда әлеуметтік желілер сол адамның қас жауына айналады. Көре­алмаушылық, қызғаныш, қорқыныш сезімдерін туындатады. Ал бұл сезімдер уақыт өте келе үлкен депрессияға әкеліп соқтыруы әбден мүмкін. Жаһандық желілермен тым әуестеніп кетсе, кез-келген адам қабағынан қар жауып жүретін, тұйық, тек өмірге шағымдануды ғана білетін «ауруға» айналып кетуі ғажап емес.

Жалпы, бұл жерде тек бірнеше мысал келтірілген. Одан бөлек, өзін-өзі төмен санау, ұйқысыздық, стресс сынды түрлі психологиялық аурулар тағы бар. «Әлеу­меттік желілер – XXІ ғасырдың ең үлкен дерті» деп бек сеніммен айта аламыз. Ал бұл дертті жеңу тек қана біздің, яғни адамзаттың ғана қолында.

Жанерке НҰРҒАЛИ,

«Тұран» университетінің 2-курс студенті.

 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *