Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: ҰЛЫТАУДЫҢ ҚАДІР-ҚАСИЕТІН БАҒАЛАЙ БІЛУ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ ПАРЫЗ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына сапары кезінде ел тарихында ерекше орны бар Ұлытауға барып, сонда өткен «Ұлытау-2019» халықаралық туристік форумға қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев форумда сөйлеген сөзінде қазақ халқы үшін Ұлытаудың тарихи мәні мен киелілігін, сондай-ақ, бұл қасиетті мекеннің этногра­фиялық, зияраттық және эколо­гия­лық туризмді дамыту үшін зор әлеуеті бар екенін атап өтті.

– Тарихы терең Ұлытаудың қадір-қасиетін бағалай білу – баршамызға ортақ парыз. Елі­міздің осындай баға жетпес бай мұрасын  өзге  жұртқа  таныту­дың жаңаша жолдарын ойлас­тыр­уы­мыз керек. Мысалы, Моңғолия Шыңғыс хан тұлғасын халы­қа­ралық туризмді дамыту үшін өте тиімді пайдаланып отыр. Ал Шыңғыс ханның үлкен ұлы – Жошының мазары қазақ жерінде тұрғанын бүгінде еліміздегі және шет елдегі жұртшылықтың көбі біле бермейді. Оның тарихи тұл­ғасына әлемнің назарын аударып, кесенесін мәдени турнысанына айналдыру – өте маңызды міндет. Ұлытау – халықаралық деңгейдегі этнографиялық туризмнің орталығы болуы тиіс, – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік және отандық туристер үшін Қазақстанда тартымды жерлерді қалыптастыру, сондай-ақ, этнотуризмді дамыту жөнінде өзінің пікірімен бөлісті.

– Көптеген шетелдік турис­терді бес жұлдызды қонақүйлер, курорттар сияқты әмбебап дү­ниелер жалықтырды. Оларды әр түрлі халықтардың мәде­ниетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін зерттеу, барған елдің тарихымен танысу қызықты­рады. Сондық­тан әлемде өзіндік ерекшелігі бар жерлерге баруға, тарихи фес­тивальдарға және көне әрі қайта қалпына келтірілген маңызды оқиғаларға қатысуға деген сұраныс артып отыр. Біз осындай үрдістерді пайдалануымыз қажет. Қазақстанның әлемге ұсынатын бірегей орындары бар, – деді Президент.

Мемлекет басшысы Қазақ­стан­ның туристік әлеуеті мен оны дамытудың міндеттері туралы айта келіп, кәсіби кадр­ларды даярлаудың маңыздылы­ғына тоқталды.

– Туризм – өте күрделі сала. Тиісті мамандарды дайындауы­мыз керек. Сондықтан Туризм универ­ситетін ашу жөнінде шешім қабылдадық. Дәл осы салада жұмыс істей алатын білікті кадрларды дайын­дауымыз қа­жет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент туризмді дамыту аясында өңірде көлік-логис­тикалық инфрақұрылымды қалыптастыру және Қазақстан­ның барлық рекреациялық ай­мағында қонақүйлердің, тамақ­танатын және демалатын орын­дардың құрылысына кәсіпкер­лерді тарту қажеттігіне тоқтал­ды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы креативті және инно­вациялық шешімдердің көмегі­мен Қазақстанның турис­тік әлеуе­тінің ақпараттық қол­жетім­ділігін қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.

– Мәдениет және спорт министрлігі, сондай-ақ, Цифрлық даму, инновациялар және аэро­ғарыш өнеркәсібі министрлігі туристерді Қазақстан туралы, ең алдымен, Ұлытау және оның басқа да тарихи орындары жөнінде қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететін интеграция­ланған қолданбалы бағдарлама немесе платформа әзірлеуі қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Ұлы­тау­дың киелі нысандары отан­дық және шетелдік туристерді тартатын орындарға айналаты­нына сенім білдірді.

— Ұлытау туристік мекенге, демалыс аймағына әрі ұлы бабаларға тағзым ету орталы­ғына айналуы тиіс. Бұл өңірге қазақ тарихының символы болатын ескерткіш-ансамбль орнату қажет. Ұлытаудың тарихы мен тағылымын жастар тәрбиесі мен отаншылдық рухты дамытуға пайдалану керек, – деді Мемлекет бас­шысы.

Форум соңында Қазақстан Президенті «Jezkііk» халықа­ралық музыкалық фестиваль­дің концерттік бағдарламасын көрді, сондай-ақ, қалпына кел­ті­рілген ұлттық киімдер топта­масы қойылған және атты-шабан­доздардың шоуы көрсе­тіліп жатқан этноауылға барды.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *