Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: «ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕН – ӘН ӨНЕРІНДЕГІ ҚҰБЫЛЫС, НАҒЫЗ ТАЛАНТ ИЕСІ»

Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылуына орайластырылған гала-концертке қатысқан қазақтың дарынды ұлы  – Димашымыздың   Президенттер Қасым-Жомарт Тоқаев және  Шавкат Мирзиёевпен ерекше кездесуі өткенін атап айтқан  жөн.

Әлемдік деңгейдегі дарынымен,  өнерімен  өзбек  халқын  таңқалдырып, тамсандырған  Димашты  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  нағыз талантқа теңеп, оның әлі талай биіктерді бағындыратынына  сенімді екенін айтты: «Димаш Құдайберген – ән өнеріндегі құбылыс, нағыз талант иесі. Қазақтың мәдениетін, ән өнерін шартарапқа паш етіп жүрген виртуоз. Кеше қазақтың мақтанышына  Өзбекстан жұртшылығы да тәнті болып,  өнеріне қол соқты. Димаштың әлі талай биіктерді бағындырарына сенімдімін және тілектеспін», – деп жазды  Қасым-Жомарт Тоқаев ол туралы  өзінің Іnstagram желісіндегі  (іnstagram/tokaev_onlіne)  парақшасында.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *