Асыл аналарымыз бен аяулы қыз-келіншектер!

410Сіздерді Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының атынан шуақты көктемнің алғашқы күндерімен еркелей жеткен 8 Наурыз – Халық­аралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әйелдер қауымының біз­дің қоғамда алар орны ерекше. Қай дәуірде болма­сын, адамзат баласы өзінің ең шынайы мөлдір махаббатын анаға, ару қыздарға арнап келеді. «Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» дейді халық даналығы, Сіздер – адамзатқа өмір сыйлап қана қоймай, өз отбасыларыңыздың берекесі мен бірлігін сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа рухани, отбасылық құндылықтарды жалғастыратын мәңгілік әсемдіктің жаршысысыздар.

Осы бір думанды мереке күні Сіздерге, қадірлі алматылық арулар, мықты денсаулық, береке-дәулет, отбасыларыңызға бақыт, шаттық, сәбидің сыңғыр күлкісін, рухани түлеу мен асқақ рух, еліміздің болашағы – инабатты, көкірегі ояу, білімдар, жігерлі жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы қадамдарыңызға ақ жол тілеймін!

 Төлеубек МҰҚАШЕВ, Алматы қаласы мәслихатының хатшысы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *