АСТАНАДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

Қазақстанда тұңғыш рет классикалық шахматтан командалық әлем чемпионаты өтеді. Астанада наурыз айында өтетін шахмат чемпионатына әлемнің 14 елінен ең мықты құрамалар қатысады. Әлемдік турнирде Қытай, Үндістан, Ресей, Грузия, АҚШ, Иран, Әзербайжан, Украина, Ұлыбритания, т.б. елдерден келген 20 ерлер және әйелдер командасы бақ сынайды.

Нұрлан СҮЙІН

Командалар FІDE рейтингі бойынша жоғары деңгейде тұрғандар. Турнир нәтижесінде «Әлем чемпионы» атағы ерлер және әйелдер командаларына бөлек беріледі, яғни олар бөлек ойнайды.

Әлем чемпионатының «қожайыны» Қазақстан да дүниежүзілік додаға дайын. Біздің ел әлемдік доданы өткізуге қазақ­стандық шахматшылардың (әсіресе, қыз­дар­дың) жоғары рейтингі нәтижесінде қол жеткізіп отыр.

Қазақстан ерлер командасына Ринат Жұмабаев, Нұртас Қажығалиев, Әнуар Есмағамбетов, Денис Махнев және Петр Костенко кірді.

Қыздар командасы сапында Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Гүлісхан Назбаева, Гүлмира Дәулетова, Мәдина Дәулетбаев бар.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *