АСТАНАДА АЛМАТЫ КҮНДЕРІ ӨТТІ

nk9a5423

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» республикалық акциясының шеңберінде Елордада Алматы қаласының күндері өтті. Онда Алматы әкімдігінің эстрадалық-симфониялық оркестрі және Қазақстан эстрадасының жұлдыздары өнер көрсетті.

Шара аясында «Алматы – Тәуелсіз­діктің алтын бесігі» мультимедиялық көрмесі және қала тарихы мұражайының қорынан ұсынылған фотокөрме ұйымдас­тырылды. Суреттерде Алматы және шаһар маңындағы көрікті жерлер бейнеленген. Сондай-ақ, қала әкімдігі Астанаға жергі­лікті мұра­жайдан 32 тарихи экспонат алып келіп, келушілер назарына ұсынды. Салта­натты шара барысында барлық қонақтар Алма­тының тарихы көрсетілген алғашқы мультимедиялық көрмені тамашалауға мүмкіндік алды.

nk9a5391

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек өз сөзінде Алматы қаласының қа­зақ тарихы үшін маңызы зор екендігін атап өтті.

– Оңтүстік астанамыздың қазақ тари­хында алар орны ерекше. Бүгінгі мульти­медиялық көрменің тақырыбы – «Алматы – Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі». Себебі, Алматыда мемлекетіміздің негізін қалаушы шешімдер: Конституция, егемен­дік туралы декларация, ұлттық валютамыз – теңгені шығару шешімі қабылданды. Қазақстан Тәуелсіздік алып, әлемде 4-ядролық күшке ие болған уақытта Семей полигонын жабу туралы жарлық осы шаһарда шыға­рылды. Сондықтан оңтүстік астанамыз әрбір қазақстандық үшін өте ыстық, өте құнды. Биыл ЮНЕСКО шеңбе­рінде Алматының мыңжылдық мерейтойын атап өттік. Қала күніне Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев келіп, алматылықтар мен қазақстандық­тарды осы айтулы мерекемен құттықтады. Тәуелсіздіктің арқасында осындай жетістіктерге жетіп отырмыз, – деді шаһар басшысы.

nk9a6075

Астана жұртшылығына мемлекетті­лігіміз бен Тәуелсіздігіміздің қайнар көзін сипаттайтын Алматы тарих музейі қорынан экспонаттар ұсынылған. Көрменің муль­тимедиялық контентін Жетісуға және көне дәуірден осы уақытқа дейінгі кезеңді қамтитын алғашқы қазақстандық мега­полиске арналған бірегей тарихи суреттер құрайды. Сондай-ақ, көрмеде Алматы қаласы бойынша 3D тур ұсынылды, онда қонақтар мен тұрғындар қаланың танымал, мәдени, маңызды нысандарымен танысты.

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қаланың бүгінгі экономикалық көрсеткіштері туралы да сөз қозғады. Оның пікірінше, Алматы 25 жылдың ішінде экономикалық жағынан үлкен жетістік­терге жеткен.

– Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Алматы қаласының Қазақстан экономика­сындағы алар үлесі 7 пайызды құраса, қазір 20 пайыздан асты. Бүгінде мемлекеттік бюджетке түсетін табыстың 30 пайызын Алматы беріп отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының арқа­сында 10 алматылықтың 6-уы шағын және орта бизнеспен айналысуда. Алматы қаласы бюджетінің 30 пайызын шағын және орта бизнестен түсетін салық құрайды. Бұл – өте қуанарлық жағдай. Қалада автокөліктердің саны 10 есе өсті. Алматы халқының өмір сүру деңгейі жақ­саруда. Табысы жоғары. Бірақ, шешіл­меген проблемалар да бар, – деп толық­тырды мегаполис басшысы.

Сонымен бірге алматылық меймандар Астанадағы төрт балалар үйінің тәрбие­ленушілеріне 1000 келіден аса нағыз алматылық апорт пен 3000 дана қазақ­стандық шоколад алып келіпті. Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының жетекшісі Нұрлан Сыдықов бастаған делегация алдымен SOS Балалар ауылына барды. Мұнда 3-тен 16 жасқа дейінгі 67 бала тұрады. Меймандардың сұрақтарына балалар зор ықыласпен жауап берді. Бал­ғындар Алматының қайда орналас­қанын және қаланың немен танымал екені туралы хабардар екен. Суретке де, бейне­камераға да қуана түсті. Нұрлан Сыдықов балаларға қаланың атауы «алма» сөзінен алынғанын еске салды. Мегаполис ертеден алматылық апорттың отаны болғанымен танымал, оның бұл атағы шет елдерге де жеткен. «Біз осын­да келіп, балаларға кірмей кете алмадық. Балалар – біздің болашағымыз. Олардың дені сау болып өскені біз үшін өте маңызды, сондықтан да дәрумендердің қайнар көзі – алманы көбірек алып келдік», – деді Нұрлан Сыдықов.

Сонымен қатар, алматылықтар елордаға бірқатар мәдени шараларды да дайындап әкелді. Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасына қарасты Мемле­кеттік қуыршақтар театры Астана қаласы­ның Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының сахнасында «Алтын Адам» эпикалық спектаклінің қойылымын және «Шоу Куклы» мерекелік спектаклін ұйымдастырды. Театр фойесінде екі күн бойы театр ұйымдастырған «Қуыршақтар көрмесі» өтті. ҚР Ұлттық кітапханасында алматылық ақындар Елорда жастарымен кездесті. Оған Ғалым Жайлыбай, Маралтай Ыбыраев, Қасымхан Бегманов, Жанарбек Әшімжан және т.б. ақындар қатысты. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған, Алматы қаласы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркест­рі мен Қазақстан эстрадасы жұлдыздары­ның қатысуымен «Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі»  атты гала-концерт өтті. Концертке Айқын Төлепбергенов, Луина, Димаш Құдайбергенов, Диана Шарапова, Әли Оқапов, «Мұзарт», «Қоңыр», «Кешью» «Жігіттер», «Сарын» және «Ринго» топтары қатысты. Онымен қоса, Бейбітшілік және келісім сарайында «Сазген сазы» фольк­лорлық-этнографиялық ансамблі мен Нұржан Жанпейісов, Талғат Әбуғазы, Айгүл Қосанова, Шолпан Даржанова, Ұлжан Байбосынова, Тілеулес Құрман­ғалиев секілді дәстүрлі өнер өкілдерінің қатысуы­мен «Мәңгілік мұрат» атты дәстүрлі  концерт өтті.

«Ақшам-ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *