АСТАНА ТОЙЫНА ЖАСТАРДЫҢ СЫЙЫ

Елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған «Ел жүрегі – Астана»  мерекелік жобасына  Алматыдағы А.Жұбанов атындағы дарынды балалар мектебі де үлес қосты. Биылғы сәуір айында мектептің симфониялық оркестрі  (көркемдік жетекшісі және бас дирижері – «Білім беру ісінің озаты»  Г.Буенбаева) Ахмет Жұбановтың  туған қаласы Ақтөбеге барып, музыкалық концерт қойды. Оркестрдің қылқобызшылары мен сырнайшыларының «Қоңыржай» ансамблі мен «Ақжелең» оркестрі де өнер кештерін өткізді.

Қырдың қызыл гүліндей жайқала өскен жас таланттар көрермендерді  ғажайып музыка әуенімен баурап, өнерлерімен там­сан­дырды. Бүлдіршіндер басқан пернеден шыққан үн көрермен жүрегін баурап алды. Музыка бірде құйқылжи көтерілсе, бірде әуелей асқақтап, бірде жібек мұңға орады. Мұның бәрі – аспапты еркін меңге­ріп, бір-бірінен қалыспай, әр дыбысты жанымен сезініп ойнауға үйреткен үлкен жүректі майталман ұстаздарының арқасы. Жас дарындарды қыран құстай баптап, білім бұлағымен сусындатып келе жатыр. Кең далада еркін өскен қазақтың әр бала­сының бойында әуен мен ырғақ бар. Соны ары қарай дамытып, талабын шыңдаудағы ұстаздардың еңбегі ерен.

Енді жаңа концерттер мен байқаулар маусымы басталмақ. Ахмет Жұбанов атын­дағы музыка мектебінің оқушылары ел ішінде де, шет елде де топ жарып, респуб­ликалық және халықаралық деңгейде мәртебелі орындар иеленіп жүр. Атап айт­қанда, А.Жұбанов атындағы жас орындау­шылардың халықаралық байқауы, респуб­ликалық жас орындаушылар байқауы, «Астана-Мерей» байқауы, Ресейде өтетін Мравинский, Гнесиндер атындағы халық­аралық байқаулар – біздің мектеп оқушы­ларының тұрақты жеңіс тұғырына айнал­ған. Жас дарындардың өсу жолындағы осы белестерден абыроймен өту – оқушы үшін де, ұстаз үшін де аса жауапты міндет. Әр ұстаз өз оқушысын биік тұғырлардан көргісі келеді, ал музыканттың тұғыры – әлемнің үлкен сахналары. Қазақ музыка өнерінің даңқын асқақтатар шәкірт тәрбиелеп жүрген ұстаздар қауымы осы еңбегінің жемісін болашақта барша ел игілігіне жарағанын көргісі келеді.

 

Р.АХМЕТОВА,

А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған

РҚМММИ оқытушысы.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *