АСТАНА СІЗДІ НЕСІМЕН ҚЫЗЫҚТЫРАДЫ?

  1. Астанаға қоныс аударуыңызға не себеп болды?
  2. Алғаш келген жылдар несімен есіңізде қалды?
  3. Қаланың кешегісі мен бүгінгісінен нендей айырмашылықты байқайсыз?

 

Жұбаныш  ӘБДІБАЕВ,   сәулетші:

  1. Бұл қалаға келуімнің себебі жұмысыма байланысты болды. Қалаға өз бетімше қызмет істеуге келдім. 2007 жылы қала тұрғыны атандым. Кәсібіме сай қалада жұмыс көп болды.
  2. Астанаға келген жылдардан есімде қалғаны – қаланың өте шағын болғаны. Сол жағалауда «Бәйтерек», «Салтанат сарайы» ғана бой көтерген еді. Халық негізінен оң жағалауда болды. Халық та, қала да өте жабырқау болды. Құрылыс қарқынының өте  қызу  жүргізілгені соншалық, апта сайын  жаңа ғимарат  пайда бола бас­тады. Әлемде  Астанадай ешбір құры­лыс салынбаған шығар.
  3. Қала әкімі өзінің бір халыққа берген есебінде жыл сайын мұнда 40 мың адам көшіп келетінін айтқан еді. Бұл дегеніңіз кезіндегі мықты аудан­дардың тұрғындарының санымен тең. Қазіргі шағын қалалар халқының саны. Кез-келген елдің әлеу­меттік ахуалы сол мем­­­ле­кеттің халқының санымен есеп­­телетін қағида бар.  Бүгінде қала хал­қының саны 1 млн.-нан асып отыр. Демек, Астананың  болашағы бар деген сөз.

Асылжан ӘБУБӘКІРҰЛЫ,  дәрігер:

 

  1. Астана – жаңа қала. Осы жаңа қалада жаңа ортада, жаңа өмір баста­ғанды қаладым. Кәсіби мамандығыма сай осы қалада балалар дәрігері болып қызметімді бастадым.  Кез-келген жаңа бастаманың өз қиындығы болады. Бас кезінде өте қиын болды.  Өз маман­дығыңды сүйсең, адал еңбек  етсең,  бәрін жеңе­ді екенсің. Астана жеңді, жігерімді жаныды, азамат болып қалып­тасуыма септігін тигізді. Бұл күнде күн сайын  шаңырағыма басым­ды иіп кіремін. Ол менің Астанама басымды игенім, Ота­нымды сүйгенім, оның ыстығына күйгенім, суығына төзгенім деп ойлаймын!

 

  1. Астанадағы алғашқы жылдарым үнсіздігіммен есте қалды. Жаңа ортада достар тауып,  өрісім кеңейді.

 

  1. Бүгінгі қаланы осыдан он жыл бұрынғы қаламен салыс­­тыруға бол­майды. Қаланың бүкіл тынысы кеңі­ді, жағрапиясы ұлғайды. Сол жағалауда жаңа  тұрпат­ты қала бой көтерді.  Оның өзі бір шаһар!

Бағдат  МҰХАМЕДИЯҰЛЫ,

мемлекеттік қызметкер:

 

  1. Қызмет бабымен келіп қалдық. Шынымды айтсам, «Менде түбі Астанаға кетем, елордада тұрам» деген түп мақсатты ой болмапты. Рас, Алма­тыда түрлі сатыда  мемлекеттік қыз­мет­тер атқардым.  Оның  үстіне  Аста­наға таяу  қалада  дүниеге келдім. Сол жағы да ықпал еткен болар, Астанаға  көшуіме тура келді.

 

  1. Алматыдан Астанаға ең алғаш келіп түскен сәттен бастап, ең алдымен байқа­ғаным, кеудені кере демалатын жазық даланың саф ауасы болды. Астана жазық далада сәтті орналасқан қала ғой. Өзім таулы жердің елді-меке­нінде туып өсіп, Алатаудың бауырын­дағы Алматыда қанша жыл тұрсам да, Астананың өн бойынан есіп тұратын Ұлы даланың климаттық ерекше­лігіне бірден үйреніп кеттім. Сондай-ақ, алғаш келген 2008 жыл елорданың 10 жылдық мерекесімен есте қалды.

 

  1. Әрине, алғаш келгеннен бергі он жыл ішіндегі қаланың сәулеттік құры­лыс келбетінде болып жатқан өзгеріс­тер, айтпаса да, көрер көзге айқын. Дегенмен, осы жылдар ішінде қала халқының астаналықтарға тән өзіндік мәдениеті мен менталитетінде біршама ілгерілікті байқауға болады. Астана бас қала деп ағылған алғашқы миграциялық ағын да сәл саябырсып, өзіндік бір арна­ға түскендей. Енді еліміздің әр өңі­рінен келген халық бір қалада тоғысып, бір қоғамда өмір сүрген соң, өзіндік ортақ мінезі қалыптасып келеді. Соның ішінде әсіресе, ежелден қазақ­тың саны ең аз қалалардың қатарында аты шық­қан қалада қаракөз қандаста­ры­мыздың қатары жыл санап көбейіп келе жат­қандығы көңіл қуантады. Бүгінде қала­да жанға керектігінің бәрі бар. Қалаға алғаш келген адамның оны  қиып тастап кетуі де енді қиынға соғады.

 

Дайындаған – Аяулым РАБАТ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *