«АСТАНА — ШЫН МӘНІНДЕ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ»

 

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы:

Астана – шын мәнінде, ұлттық идея, Қазақстанның кескін-келбеті, немесе қазір айтылып жүргендей өзіндік «брэнді».

Астана – табысты инновациялық жоба, ол елімізді әлемнің барынша дамыған өркениетті мемлекеттер қоғам­дастығына бастады. Қазақстанды бүкіл әлемде беделді мемлекет ретінде танып, құрметтейді, біздің елімізбен санасады.

Президент Н.Назарбаевтың көшбас­шылығы – Қазақстан азаматтары және әлемдік коғамдастықтың жетекші мемлекеттерінің басшылары қабылда­ған нақты шындық.

 

Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА, Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік хатшысы:

Әлемдік саяси сөз қорында бірлік пен жасампаздықты айшықтайтын «Астана рухы» деген тың ұғым-тұжырым пайда болды.

***

Астана – Қазақстанның тек жәй ғана рәмізі емес. Өткен жылдар ішінде ол еліміздің нағыз орталығына, респуб­ликаның қарқынды дамуының түпқазы­ғына айналды. Астана әлемнің мейлінше танымал мегаполисінің бірі болып отыр.

 

Мырзатай  ЖОЛДАСБЕКОВ, мемлекет  және  қоғам  қайраткері:

Астана бүгінде құлашын көкке сермеп, қанатын кең жайып, кешегі  сақ­тар мен  ғұндардың,  байырғы  түрік­тердің  қара шаңырағы Дешті  Қыпшақ­ты,  байтақ  қазақ жерін  күн  өтіп, күн асқан  сайын, ай өтіп, ай асқан сайын,  жыл өтіп, жыл асқан сайын нұрлан­дырып, туған еліміздің  асқақ  келбе­тіне,  айбарына,  егемендігіміздің сим­во­лына айналды.

 

Сейіт ҚАСҚАБАСОВ, Қазақстан  Ұлттық  Ғылым  академиясының  академигі:

Астана Бәйтерегі қараорман қалың қазақтың бейнесі, оның жарқын болашаққа ізгілікті әлемге ұмтылысы. Астана Бәйтерегі Қазақ елінің тірегі мен қорғаны. Ал оның кепілі – Елбасы.

 

Дулат  ИСАБЕКОВ, жазушы, Мемлекеттік  сыйлықтың  лауреаты:

Астана – Арқаның   мойнына  тағыл­ған  алқа ғана емес,  күллі қазақ даласы­ның  салтанатын асырып  тұрған сиқы­ры  бар еліміздің  байтағы.

 

Иманғали ТАСМАҒАМБЕТОВ, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі:

…Астана – жаңа Тәуелсіз Қазақ­станның өз қолымен орнатқан бірінші заманауи елордасы.

***

Елбасының соңғы 20 жыл бойы Есілдің жағасына ел қондырып, Аста­на­ны перзентіндей әлпештеген, абы­ройын әлемге сүйреп, әр қадамын қолпаш­таған қажыр-қайратының да, өлшеусіз еңбегінің де түбінде, міне, ел-жұртымыздың осындай ниеті жатыр!

 

Шәкір  ЫБЫРАЕВ,   филология  ғылымының докторы, профессор:

Астананың дамығаны – Қазақ­стан­ның дамығаны. Ал Қазақстанның дамы­ғаны – түркі әлемінің жаңғырғаны. Бұл ақиқатты дос та, дұшпан да мойындап жатыр бүгінде.

 

Ханкелді  ӘБЖАНОВ, тарих ғылымының докторы,  профессор, Қазақстан  Ұлттық Ғылым академиясының  корреспондент-мүшесі:

«Бәйтерек» Астананың төлқұжатын­дай екені күмәнсіз ақиқат. Астанадағы көшелердің, алаңдардың қайта түлеуі елдегі қалалар мен ауылдарға үлгі болып, оларда да әлеуметтік инфрақұ­рылымға оңтайлы өзгерістер әкеле бастады. Елорда көшелері ізденіс пен ілгерілеудің тынысын аңдатады.

 

Тұрсын  ЖҰРТБАЙ, жазушы, филология ғылымының докторы, профессор:

Егер де елордамыз Астана қаласына ауыспағанда, бұл мәселе осы күнге дейін үлкен саяси дау-дамайдың негізі болып кетуі мүмкін еді. Соның нәтиже­сінде Өскемен, Қызылжар, Көкшетау, Қоста­най сияқты аймақтар басыбайлы өзімізге бұйырды. Шекара мәселесі де толықтай шешілді. Мен Астананың саяси және тәуелсіздікке сіңірген ең басты саласы осы деп есептеймін. Елба­сының бұл қадамы үлкен көрегендік шешім болды.

 

Жамбыл  АРТЫҚБАЕВ, тарих ғылымының  докторы, профессор:

Астананың қазіргі өсіп-жетілуі – бір ғаламат құбылыс. Әлем мемлекет­терінің жылнамасына қарасақ, осындай қысқа мерзімде астанасын ауыстырып, оны тез дамыта білгендер сирек. Мысал­ға, өзімізбен бауырлас Түркия өз аста­на­сын Стамбұлдан 25–30 мындық халқы бар Анкараға көшірді. Бірақ сол Анқараның қалыптасу тарихы бірнеше ондаған жылдарға созылды. Ал Аста­наның бүгінгі Батыстық өркениеттің жетістіктеріне сай жылдам өсу қарқы­ны қуантады.

 

Қуаныш  АЙТАХАНОВ, Мемлекет және  қоғам қайраткері:

Саясатта болсын, экономикада бол­сын, әлеуметтік салада болсын, Қазақ­стан бүгінде өзгелерге үлгі болатындай дәрежеде даму үстінде. «Қазақстан-2030» Стратегиясы жөнінде де осыны айтуға болады. Астана – Арқаға көшер жылы қабылданған бұл Стратегия да, еліміздің жарқын болашағын қамтама­сыз етудің Президент өз қолымен сызған ең бір ұрымтал жобасы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *