«Аstana musіcal» театры – Алматы төрінде

23–27 наурыз аралығында Алматыда («Қазақконцерт» мем­лекеттік концерттік ұйымы) «Astana Musіcal» театрының гастрольдері өтеді. Өз өнерімен Еуропаны дүр сілкіндірген қазақ жастары  алма­тылық­тарды қойылымдарымен қуант­пақ. Елорданың 20 жылдығы мен «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасы аясында өтетін  гас­трольдік сапардың мақсаты – еліміздің өнер саласындағы үздік жетістіктерін көрсету.

«Astana Musіcal» – еліміз­дегі және Орталық Азиядағы тұңғыш мамандандырылған мюзикл театры. Елордалық театр заманауи бағыттарға негізделіп, отандық және әлемдік мюзиклдердің бірегей репертуарының орталығына айналды.

 

Елордалық театр 23, 24, 27 наурызда сағат 19.00-де алғаш рет қазақ тілінде үн қатқан әлемге әйгілі мюзикл – «Ромео мен Джульетта» қойылымын көрсетеді. Шығарманың негізі­не Уильям Шекспирдің клас­сикалық пьесасы бойынша жазылған Жерар Пресгюр­виктің француз мюзиклі арқау болды. Ромео мен Джульетта оқиғасын суреттейтін мюзикл адам бойындағы қанды кек пен қызғанышты, менменшілдік пен пендешілік сынды қасиеттерді жеңген мөлдір махаббат туралы сыр шертеді.

 

25 наурызда, сағат 19.00-де «Astana Musіcal» театры қала тұрғындары мен қонақтарының назарына «Достар серті» мюзиклін ұсынады. Мюзикл желісі 60–70-жылдар кезеңінде өрбіп, еліміздің әр өңірінен арман қуып консерваторияға оқуға келіп, бір қалада тоғыс­қан төрт абитуриент жігіттің басынан кешкен қызықты оқиғаларын, адал достық пен нағыз махаббат хикаяларын баяндайды. Аталмыш мюзиклге қазақ музыкасының «алтын қорына» енген Ш.Қалдаяқов, Е.Хасанғалиев және «Дос-Мұқасан» тобының әндері, әлемдік музыканың жарық жұлдыздары «Битлз» тобының репертуарындағы шығармалар арқау болмақ.

26 наурызда, сағат 19.00-де театр әртістері еліміздің руха­ни құндылықтарына айналған халық әндері мен компо­зиторларының шығармалары, ұлттық операмыз бен класси­калық музыкамыздың інжу-маржандары негізінде жасалған «Қыз Жібек» этно-фоль­клорлық мюзиклін сахналайды. Аталған мюзикл «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәде­ниет» жобасы шеңберінде 2017 жылғы желтоқсан айында Фран­ция, Бельгия, Австрия, Ресей мемлекеттерінде сахна­ланып, шетелдік талғампаз кө­рерменнің қошеметіне бөлен­ген.

Сонымен қатар, 26 нау­рызда, сағат 15.00-де астаналық театр Мұқағали Мақатаевтың шығармаларына негізделген «Жырлайды жүрек» атты му­зыкалық-поэтикалық спек­таклін көрермен назарына ұсынады.

Мюзиклдер мен әдеби-сазды қойылым М.Әуезов атын­дағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында өтеді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *