АСТАНА МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛАДЫ

Алматы қаласында мешітке келуші жамағаттар арасында қазақ күресінен турнир өтеді

Шілденің 14-і күні  мегаполистегі Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінде «Асылмұра» бағдарламасы аясында мешітке келуші жамағат арасында қазақ күресінен турнир өтеді.

Жарыс Астана қаласының 20 жылдығына арналады. Боз кілем бәсекесі 75 кг. дейін және одан жоғары салмақ дәрежелерінде өтеді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота, медаль және ақшалай сыйлықтарға ие болады. Бірінші орын үшін 250 мың теңге, екінші орынға 125 мың теңге, үшінші орын үшін 50 мың теңге тағайындалған.

Қатысу тегін. Қатысушы Алматы мешіттерінің  жамағаты болуы тиіс.

Тіркелу  шілденің 13-іне дейін мына телефон нөмірлері бойынша жүргізіледі:

8 7078225496 Болат.

8 7473046797 Досжан.

Өткізілетін орын: «Ақсай-1» ықшамауданы, 10 үй, МЖСШМ.

Басталуы: сағат 10.00-де.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *