Астана күніне орай Алматыда жаңа медициналық орталық ашылады

Нұржамал ӘЛІШЕВА

Елорда күніне тарту ретінде Алматыда бірқатар нысан іске қосылады. Олардың арасында «МИПО» ЖШС медициналық орталығы да бар.

Иә, қазіргі пандемия жағдайында бізге медициналық нысандардың көп болғаны маңызды және дәрігерлердің қызметі ауадай қажет болыр тұр.

 

«МИПО» медициналық орталығы 100 келушіге арналған. Сонымен қатар оңалтуға арналған 40 төсек жабдықталған. Яғни ауруына шипа іздеп келген жан осы жерде барлық анализін тапсырып, нәтижесін біліп, қажет болса оңалту-сауықтыру шараларынан өтеді.

«МИПО» медициналық орталығына COVID-19 вирусын нақты анықтайтын заманауи құрылғылар да қондырылған. Оның тілін білетін мамандар шет елден тәжірибеден өтіп келген өзіміздің дәрігерлер.

Орталықта 80 медицина қызметкері жұмыс істейді, оларға қажетті барлық жағдай жасалған.

Соңғы бес жылда Алматыдағы амбулаториялық-емханалық ұйымдардың даму қарқыны 7,4%-ға артқан. Сонымен бірге, қала халқы осы мерзім ішінде 13%-ға өскен. Бүгінгі таңда медициналық қызметтің халыққа неғұрлым қолжетімді болуы Алматы әкімдігінің басты назарында тұрған мәселелердің бірі. Тұрғындардың медициналық мекемелердің көмегіне еш кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін алдымен географиялық ақпараттық жүйе жасалған. Нәтижесінде бірінші кезекте дәрігерлік амбулаторияларды қай жерлерде ашу керектігі анықталған. 2019 жылдан 2021 жылға дейін 35 дәрігерлік амбулатория ашу жоспары жасалған. Былтыр, яғни 2019 жылы 11 дәрігерлік амбулатория ашылды (1-уі жергілікті бюджет есебінен салынған).

Сондай-ақ, «Жаңа Алматы» кешенді жоспары аясында алдағы 5 жыл ішінде 1 миллионнан астам тұрғынға көмек көрсететін қосымша 19 медициналық нысан салынады.

В Алматы к Дню столицы будет запущен новый медицинский центр

В преддверии празднования Дня столицы в Алматы запускается ряд объектов. Среди них комфортабельный, технологичный медицинский центр ТОО «МИПО».
На сегодняшний день администрацией города проводится усиленная работа по обеспечению населения медицинскими услугами в шаговой доступности. Медицинский центр «МИПО» рассчитан на 100 посещений, а также имеет 40 коек для реабилитации. В центре созданы условия для работы 80 медицинских работников.
За предыдущие пять лет плановая мощность развития амбулаторно-поликлинических организаций Алматы возросла на 7,4%. Вместе с тем население города за этот же период выросло на 13%. Для обеспечения шаговой доступности медицинской помощи разработана и внедрена географическая информационная система. На основании полученных данных определены места, где имеется необходимость открытия врачебных амбулаторий. Разработан план по открытию 35 врачебных амбулаторий с 2019 по 2021 годы. В 2019 году уже открыто 11 амбулаторий (1 построена за счет средств местного бюджета).
Также в рамках комплексного плана «Новый Алматы» в течение 5 лет для более 1 млн жителей в шаговой доступности будет построено дополнительно 19 медицинских объектов.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *