АСТАНА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ВЕЛОШЕРУ

 

«Спорттық Алматы» бағдарла­масы аясында өткен бұл мере­келік велошеруге 400-ге жуық қала тұр­ғындары мен қонақтары қатыс­ты. Ұйымдастырушылар жиналған спорт сүйер қауымды бағалы сый­лықтармен қуантты. Астана күніне орай барлық қаты­сушыларға Hawaіі және Mіamі аквапарктеріне серти­фикаттар мен Funky Town & World ойын-сауық орталықтарына арнайы купондар ұсынылды.

Сонымен қатар, мәреде қатысу­шылардың арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады. Басты сыйлық – 4 вело­сипед және электро самокаты.

– Былтырғы жылдан бері жексен­білік велошерулерге үнемі қатысамын. Спортпен кәсіби түрде шұғылданбасам да, салауатты өмір салтын ұстануға тырысамын. Бұл — жақсы көңіл-күй мен мықты денсаулықтың кепілі. Бүгінгі велосипед бірінші ұтысым, өте қуаныштымын. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз! Мереке күні барша қазақстандықтарға тілерім – ашық аспан, Астанамыз көркейе берсін, әрбір отбасыға береке мен бақыт тілеймін! – дейді басты сыйлықтың иегері  Екате­рина Алексеевна. Сондай-ақ, велошеру «Challenge. Сенің  жаңа қырың!» жоба­сы аясында  финалдық бұқаралық жат­тығумен жалғасты. Жобаның қорытын­дысы бойынша белсенді қаты­сушылар естелік сыйлықтармен мара­патталды.

– Біздің команда «Challenge. Сенің  жаңа қырың!»  жобасын қолдады және «Ең спорттық команда» номинациясын жеңіп алдық. 21 күн  бойы біз өз жат­тығуларымызбен әлеуметтік желілерде бөлісіп, басқа адамдары ынталандыруға, спортқа баулуға тырыстық және кері байланыс та алдық, бізге қоңырау шалу­шылар мен ризашылығын білдірген жұртшылық көп болды. Бұл — өте қуан­тарлық жағдай. Күн сайын спортпен шұғылданыңыз! Салауатты өмір салтын ұстаңыздар! – дейді «Спорт Без Границ» тобының мүшесі  Данияр Базарбек.

— Бұл қозғалыстың басты мақсаты – мүмкін­дігі шектеулі жандар арасында спортты қолдау және оларды спортқа баулу.

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, «Challenge. Сенің  жаңа қырың!» жобасына шамамен 10 мың адам қатысып, нәтижесінде 16 жеңімпаз анықталған болатын.

Айта кетер жәйт, бұл велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарла­масының қолдауымен 2018 жылы жоспарланған 21 велошерудің тоғы­зыншысы .

«Спорттық Алматы» бағдарламасы мегаполистегі бұқаралық спортты дамы­ту мақсатында жүзеге асырылуда.

 

Айдана ӘДІЛБЕКОВА, 

Денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *