«Астана» алаңындағы жарыс Лондондағы ХХХ Олимпиадаға арналды

Жандос БАЙДIЛДА

Қазақстанда Олимпиада ойындары өткiзiлмегенмен, Олимпиада чемпионы болған спортшыларымен тарихи жарыстың мән-маңызын сезiнiп келедi. Әсiресе, Алматы мен Астана қалалары жыл сайын өтетiн Олимпиада күнiн сан мыңдаған тұрғындарымен бiрге қарсы алады. Тiптi, 2008 жылы Олимпиада алауының Алматыға атбасын бұруы да сондықтан.

Ұлттық олимпиада комитетi, ҚР Туризм және спорт министрлiгi, Алматы әкiмдiгi мен Жеңiл атлетика федерация­сының ұйымдастыруымен мектеп оқушы­лары мен студенттер, қала тұрғындары мен барша әуесқой жүгiрушiлер арасында «Астана» алаңында «Олимпиада күнiне арналған» бұқаралық жүгiру өттi. Сондай-ақ, бұл жарыс келер жылы Лондон қала­сында өтетiн ХХХ Олимпиада ойындарына арналды. Оған 10 мыңға жуық алматылық қатысты. Олимпиада комитетiнiң естелiк сыйлықтарымен марапатталды. Сондай-ақ, мәре сызығын алғашқы боп кескен қатысушыларға Халықаралық Олимпиада комитетiнiң президентi Жак Роггеннiң қолы қойылған сертификат тапсырылды.

1894 жылдың 23-маусымында Халық­аралық олимпиада комитетi құрылған болатын. Осылайша араға ұзақ уақыт салып, яғни екiншi дүниежүзiлiк соғыс аяқталған соң 1948 жылы қаңтарда ХОК 42-сессиясы жыл сайын Дүниежүзiлiк Олимпиада күнiн өткiзу туралы шешiм қабылдады. Содан бастап Халықаралық олимпиада күнi ресми түрде тойлана бастады. Әлем бойынша 200-ден астам Ұлттық Олимпиадалық комитеттер бұл мерекенi ХОК басшылығымен жыл сайын атап өтiп келедi. Сол жылдан бастап бұқаралық спорттық шараларды өткiзу Олимпиада қозғалысының дәстүрiне айналды. Алғашқы акция 1948 жылдың 23-шiлде күнi өттi. 1987 жылдан бұл шараға  «Олимпиадалық жүгiру күнi» деген атау берiлдi.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *