Ассоциацияға жаңа Президент сайланды

Құрылтайшылардың бірауыздан қабылдаған шешімімен Баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар ассоциациясының президенті болып Әділ Қаженбайұлы Қойтанов сайланды. 

Әділ Қаженбайұлы баспа, кітап индустриясы саласында көп жылдар бойы еңбек етіп келеді. 2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетіне қарасты Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры қызметін абыроймен атқарып келеді.
Сала қызметкерлеріне Әділ Қаженбайұлының есімі жақсы таныс әрі олар оның біліктілігі мен іскерлігіне, біліміне сенім артып отыр. Ассоциация құрылтайшылары да Әділ Қаженбайұлының кандидатурасын бірауыздан қолдады.
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы алдағы жылдан бастап бірқатар маңызды функцияларды қоса атқарып, баспа саласының даму қарқынын арттыруды жоспарлап отырғпнын айта кету керек. Әділ Қаженбайұлының Кітап палатасындағы басшылық қызметімен қатар заңды тұлғалар Бірлестігіне президент болып сайлануы – жақсы бастамаларға және сала қызметкерлері үшін мол мүмкіндіктерге жол ашады деп ойлаймыз.
Баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар ассоциациясының жаңа президентінің жұмысына сәттілік тілейміз!
«Ақшам-ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *