Қасиетті айдағы жастардың игі істері

Рамазан – мол сауап жинай­тын қасиетті ай. Өйткені, адам баласы ізгі амалымен  Жара­тушының рақымына, нығме­тіне кенеледі екен. Әсіресе, жомарт, жанашыр азаматтар көмекке мұқтаж адамдарға қамқорлық көрсетіп, мейірімділік танытып, қараусыз қалған адамдарға көңіл бөлуі керек дейді.

«Нұр Отан» партиясы­ның Бостандық  аудандық  филиа­лы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты мүшелері осы игі істі қолға алып, таң атқаннан күн батқанға дейін Алматы көшелерін күл-қоқыстан тазартып жүрген көше тазалаушы адамдардың бір күндік өміріне үңіліп, қолдарын­дағы құрал-жабдықтарды алып, көше тазалау жұмыстарына шықты. Рамазан айында жасал­ған бұл шараның басты мақсаты – жастарды қайырымдылық жасау­ға шақырып, әр адам жақсылық жасауға мүмкіндігі бар екенін дәлелдеу еді.

Оларды  қуана қарсы алған Мырзакерім аға: «Бүгін күн райы тамаша болып тұр. Жастар жұмыстың ауырлығына қарамас­тан оған күнделікті істері секілді белсене кірісіп кетті. Маған бұл қатты  ұнады. Сөйтіп, олар өзде­рінің жақсы көңіл-күйлерімен қолдау көрсетті. Менің ораза ұстап жүргеніме 6 жыл болды. Бірақ дәл бүгінгідей Рамазан айында қайырымдылық жасаған адам болмаған еді», – деді жүздері балбұл жанып.

Шара барысында барлық жұмысшыларға таратылған бір-бір бума құрма мен бөтелке суларымен «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалы­ның Саяси кеңес мүшесі, «Жан-М» ЖШС директоры Бақытбек Әшімұлы қамтамасыз етіп тұрды. Сөйтіп, бұл күні «жұмыла көтер­ген игі істің жастарға берері көп» болды. Әрі ораза айында бір күн болса да ауыр жұмыстан қолдары босап, кешкі ауызашарға дайын отырған жұмысшыларға жастар­дың бұл істері ұнап кетіп, олар осы іс-шараны ұйымдас­тырған «Жас Отан» белсенділеріне ағалық алғыстарын білдірумен болды.

Өз кезегінде үлкендерді қуан­ту арқылы өздері де қуанышқа бөленген жастар белсенділері «Игі істеріміз осымен шектеліп қал­майды. Әлі де қайырымдылық шарасы жалғасын таба береді» деп сеніммен айтып жатты.

 

«Ақшам-ақпарат».

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *