ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ НӘТИЖЕСІ

Бүгінгі таңда ақпараттық технологияларды және компьютерлік  желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану қолға алынды. Қашықтықтан оқыту – бұл мұғалімнің біліктілігін көтереді, оқушының өз бетімен білім алуын қалыптастырады, ата-аналардың жаңа технологияға деген көзқарасын өзгертеді.

Ұстаз, оқушы, ата-ана арасындағы байланыс күшейеді. Бос уақыттарын тиімді пайдаланып, білімдерін шыңдай түсуде, оған дәлел- музыка пәнінде оқушылар ата-аналарымен бірігіп, музыкалық аспаптар жасады. 2-сынып оқушылары Қайрат Жігер мен Бауыржан Асылхан «Рейнстик» аспабын жасады. «Рейнстик» ағылшын тілінен аударғанда жаңбыр таяқшасы дегенді білдіреді. Бұл аспаптың ішіне түрлі дәндер: қарақұмық, фасоль бұршағы немесе жүгері тағы да басқа дәндер салу арқылы жасалатын аспап. Ендеше, білім алу белгілі бір орын таңдамайды, керісінше, білім алушы өз білімін түрлі жолдармен шыңдай алады, оқушылардың жасаған еңбектері ізденістің білімге деген құштарлықтыңнәтижесі деп білемін.

 

Сулейменова Данара,

Алатау ауданы «№184 ЖББМ» КММ

музыка пәні мұғалімі

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *