ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ АТА-АНАНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

  «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады», — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. 

Елімізде төтенше жағдай орын алып, індеттің дендегенін естіген сәтте абдырап қалдық. Дегенмен мемлекет тарапынан оңтайлы шешімдер қабылданып та үлгерді. Солардың бірі білім ошақтарының қашықтықтан жұмыс істеуіне мүмкіндік жасалған болатын. Қазіргі таңда еліміздің барлық мектептері қашықтықтан білім беріп келеді. Қашықтықтан білім беру барысында, баланың оны қабылдау ерекшеліктері айқын көрінеді. Әр баламен жеке жұмыс істеуді, қадағалауды жалғастырып келемін.

Мен бастауыш сыныптарына сабақ бергендіктен ата-ананың рөлі орасан зор. Балалардың кейбір тапсырмаларды орындауда ата-ана көмегіне жүгінетіндігі рас. Сондықтан әр балаға мән беріп, барлығын оқытып отырған аналарына рақметімізді айтамыз.

Қашықтықтан оқыту – ақпараттық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы. Қашықтан оқытуда екі компонент бар: оқытуды басқару және өз бетімен білім алу. Мұғалімдердің алдын – ала дайындау және ұйымдастыру шаралары жүргізілмесе, программалық қамтамасыз етілмесе оқушылардың білімі жоғарламайды. Өйткені оқушының білімін, үлгерімін көтеруіміз үшін оқытушының біліктілігін көтеруіміз керек. Қашықтан оқыту бұл мұғалімнің біліктілігін көтереді, оқушының өз бетімен білім алуын қалыптастырады, ата-аналардың жаңа технологияға деген көзқарасын өзгертеді.

Қашықтан оқытудағы мұғалімдердің біліктілігін көтерудегі артықшылықтары:

  • экономикалық, оқытуға кететін жалпы шығыны 40% кемиді; · коммерциалық, қашықтан оқыту, технологиясы және оны қолдану болып табылады, оған деген сұраныс күннен-күнге өсуде;
  • педагогикалық, оқыту мотивациялық, интерактивті, технологиялы және индивидуалды болып келеді;

«Отан отбасынан басталады»,-деген тәмсіл бар қазақта. Сондықтан ошақ қасында бала қалай тәрбиеленсе, болашақтағы жолы мен өмірі соған байланысты болмақ.

Қашықтықтан оқыту кезінде ата-аналардың міндеті:

  • Баланы міндетті түрде қадағалау;
  • Мұғаліммен байланыста болу ;
  • Бала түсінбей қалған жағдайда, ұстаздан барлығын сұрап алу;
  • Оқушының сабақты қаншалықты меңгергендігін ұстазға айту.

Жоғарыда көрсетілген 4 міндеттемені орындаса, мұғалімге де оңайға түседі. Ұрпақ білімді болса, болашағымыз бұлыңғыр болмайды. Бала тәрбиелеу – елдің болашағын ұстар оғландарды тәрбиелеу болып табылады.

Жұмабаева  Райхан,

Әуезовауданы №13 мектеп-гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі

 

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close