Қашықтан оқытудың мүмкіндігі мол

Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістерге байланысты, елімізде білім беру жүйесі сәуір айының алтысынан бастап қашықтан білім беру жүйесіне көшті. Бұл өзгеріс білім беру саласындағы қызметкерлер үшін де, соның ішінде, мүғалімдер үшін ең басты маңызды мәселеге айналды. Мұғалімдерді «Нені оқыту керек, қалай оқыту керек ?» деген сауалдар әдепкіде әбден алаңдатқаны рас. Дегенмен жаңалыққа жаны құмар, ізденімпаз, жаңашыл ұстаздар үшін бұл тығырықтан шығу қиындық тудыра қоймағаны мәлім. Осы орайда, көптеген оқыту стратегиялары, түрлі педагогикалық тәсілдерді қолдану мүмкіндіктері, қалай және қай жағдайда қолдану қажеттілігі мен тиімділігі арта түсті. Қашықтан оқыту жүйесі – оқытудың электронды технологиясын қолданып, жұмыстан қол үзбей, белгілі бір жұмыс тәртібі негізінде білім алуды қамтамасыз етеді.
Осы тұста, Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияның ұжымы мен әкімшілігі «Қашықтан оқытудағы мұғалім көшбасшылығы» деген айдарда арнайы білім мазмұнын құрылымдау жүйесін құрған болатын.
Қашықтан білім беру кезіндегі ойлау жолдары:
— Қалай оқыту керектігін жүйелеу;
— Дарынды және таланты оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру жолдарын басты назарда ұстау.
Қашықтан білім беру кезіндегі жұмыстың түрлері:
— Сабақтың құрылымын ықшамдау мен басқару жүйесі;
— Бірлескен және жеке жұмыс түрлері (ата-ана, оқушы, мұғалім үштігі )
— Оқу үшін бағалау және оқытуды бағалау формасын тиімді ұйымдастыру жолдарын басты назарда ұстау;
— Оқу үдерісіндегі кері байланыс пен рефлексияның маңыздылығын арттыру.
Қашықтан білім беру кезіндегі жұмыс құралдары:
Kundelik.kz
BilimLand.kz
Daryn.onlaine
Google Classroom
ZOOM
Sabak.kz
Біздің ұйым аталған білім беру құралдарының ішіндегі ең тиімді, ыңғайлы, қолжетімдісін негізге алып, соның ішінде, Kundelik.kz, BilimLand.kz, Daryn.onlaine, ZOOM құрылғыларын пайдаланып білім беруде. Гимназия оқушылары 100 пайыз BilimLand.kz платформасына тіркелген, кез-келген уақытта мұғалім берген оқу тапсырмаларын, жаңа сабақтың мазмұнымен толық танысуға мүмкіндік жасалған.
Бұл — орта білім беру мектептердің негізгі пәндері бойынша интерактивті өнемдердің ірі коллекциясы. Платформа мұғалімдерге оқу үдерісін ұйымдастыруға, оқушыларға өз білімін жетілдіруге өте тиімді. Олардың мақсаты-өмірден алынған мысалдарды графикалық визуализация арқылы күрделі ғылыми құбылыстарды көрнекі және оңай түсіндіру. Оқушы өздігінен, мұғалімнің көмегісіз, зерттеулер өткізіп, эксперименттер жасай алады. Біз үшін барлық сабақ орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сай оқу бағдарламасы бойынша, сабақ кестесіне сәйкес, цифрлық білім беру ресурстары бойынша әдістемелік қолдау мен мультимедиалық қамтамасыз етіліп, ұстаздар үшін алдын ала әзірленген жоспар бойынша жүргізілгені маңызды болып отыр. Бастысы, білім алу тетігі сапаға әсер етпеуі маңызды. Сонымен қатар, желілік технологияның ең бір тиімді түрі – чат- сабақтар. Чат-сабақтарда барлық білім алушылар жаңа білім мазмұны бойынша толық білім алуға мүмкіндік алады. Чатта сабақтың әртүрін өткізуге болады. Олар: таныстырылым сабақтар, видеосабақтар, мәтіндік кеңестік сабақтар, пікірсайыс сабақтар т.б. Білім алушылар порталда бір-бірімен аузша, жазбаша түрде байланыс жасау негізінде, пән мұғалімдерімен тиімді кері байланыс орнатуға мүмкіндік алады. Осы тұста «Білім — ақпарат» Yotube видеохостингін ашып, оқушыларымен тығыз байланыс орната отырып, видеосабақтар мен сынып сағаттарын тиімді жүргізіп келемін. «Ғаламның ғажайып сандары», «Жұлдыздар мен аңыздар», «Аспан денелері қалай зерттеледі», Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты тарихи драмы», «Мәтін талдау негізінде оқу сауаттылығына дайындаудың тиімді жолдары», «Қазақтың тұңғыш жиһанкезі», «Достықтың тұғыры- бейбітшілікте», «Жеңіспен келген көктем», «Біз біргеміз!» деген тақырыптарда видеосабақтарм мен тәрбие сағаттар жүргізілді. Сонымен қатар, жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету негізінде ZOOM арқылы вебинар-сабақтар ұйымдастырылды. Қашықтан білім алудың өзіндік ерекшеліктері мен ұйымдастыру туралы жадынамамен таныстыру мақсатында ата-аналарға да түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді.

Мөлдір Дүйсенбаева,
Ш.Уәлиханов атындағы
№12 мамандандырылған гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close