Қашықтан оқыту не үйретті?

Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында.
Н.Ә.Назарбаев.

Бүкіл әлемді шарпыған індет экономиканың еңсесін түсіргенмен, табиғат ананың тынысын ашқандай. Үйіне еріксіз қамалған адамдар тіршілік мәнін басқаша ұғынып,бір-бірін іздеп, бауырмалдыққа ден қойды. Өткен-кеткен істеріне есеп беріп, адамдардың бір-біріне деген құрметі арта түсті. Дәл қазіргі сәтте дәрігер мен мұғалімге деген көзқарас мүлде өзгерді. Өзгенің өмірі үшін өз өмірін қауіпке тігіп, ем іздеп жатқан ақ желеңді абзал жандардың еңбегін ешнәрсемен бағалауға келмейді. Бұдан кейін де дәрігерге деген қоғам құрметі артпаса, кемімейді.
Ал «Басты байлық – білім» екенін де жұрт енді ғана жете түсініп, мұғалімдердің еңбегіне бас ие бастады. Мектеп – мемлекеттің іргетасы. Бұл сөз бұған дейін жалаң ұран сияқты қабылданып келсе, дәл қазір өмір шындығы екендігіне көпшіліктің көзі жетіп отыр. Ата-аналар мұғалімдердің 30 балаға бір сәтте қалай сабақ беретініне таңдай қағып, бас шайқап, жарты өмірі мектепте өтетін мұғалімнің қадіріне енді жетіп, алғыстарын айта бастады. Өз балаларын оқытуда дәрменсіздік танытып жатқан ата-аналардың ұстаздарға деген ниеті өзгерді.
Елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты Алматы қаласының мектептеріде дәстүрлі түрдегі сабақтан қашықтықтан оқу жүйесіне ауыстырылды. Өйткені бұл – заман талабы. Сондықтан еліміз үшін бұл да бір жаңа белес, жаңа шың.Әлем күн сайын жаңаруда. Үлкені бар жасы бар қашықтықтаноқыту – оқушы мен мұғалімалыстанақпараттық – коммуникациялықтехнологиялардықолданаотырыпжүзегеасырылатыноқытудың бұл түріне мектеп ұжымы сақадай сай екенін көрсетіп, ұстаз деген атқа лайық екенін білдіріп, тағы бір қырынан көрінуде. Бүгінде бір қалыпқа түскендей болған жұмыс ағымы ұтқыр ұйымдастырушылықтың және ұжымдық ұтымды еңбектің арқасында ғана жүзеге асып отыр.Қашықтан оқыту процесіне ауыртпалықсыз және тиімді көшу мақсатында қысқа мерзімде жұмыла кірісіп, бар мүмкіндікті ұйымдастырған әкімшілікке ҰСТАЗДАР алғыстарын білдіруде. Қашықтықтан оқыту бойынша мұғалімнің міндеті – оқушының орындалатын өз бетінше жасаған жұмысын басқару болып табылады. Туындайтын мәселелерді қарастыру, мақсат пен міндеттерді қою, білім тәжірибелерімен бөлісу, ұйымдастыру қызметін, оқу процесін бақылау. Білім беру ел – болашағы үшін аса жауапты үрдіс. Мұндай жағдайда сапалы, ең бастысы, нәтижелі білім беру үрдісін ұйымдастыру керек болды. Мектебіміздің директоры Калдыкыз Айтжанқызы Мусаева қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мен жүзеге асыру бойынша ZOOM онлайн платформасы арқылы видео конференция ұйымдастырып, педагогикалық үдерістің қадамдарымен таныстырды. Мектебімізде сабақтың қандай форматта өтетінін түсіндіру үшін ата-аналармен түсіндіру жұмысы бойынша «Біздің мектепте қашықтықтан оқыту қалай жүргізіледі» деген тақырыпта ата-аналар жиналысы өткізілді. 3 сәуірде «Мен қашықтықтан қалай оқимын?» деген тақырыпта сынып сабағын өткізді. Әрбір сыныптың бір бірімен жарыса жіберіп жатқан «Біз біргеміз! Біз үйдеміз!» деген челленджілерін көріп оқушыларының алтын ұя мектебі мен аяулы ұстаздарын сағынғанында байқауға болады. Қазіргі таңда болып жатқан өзгерістерге ұстаздар қауымы жылдам бейімделді. Барлық оқушылардың электронды құрылғылары (компьютер, ноутбук, планшет, смартфон т.с.с) анықталды. Көп балалы, аз қамтылған отбасы балаларына компьютер, ноутбук, планшет, смартфон сим карталары қажеттеріне қарай берілді. Электронды құрылғыларға WhatsApp желісінде әр пәннен парақшалар аштық. Сол парақшаларға мүғалім күнделікті сабақ кестесі бойынша тапсырмалар жолдауда.Телеарналар бізге өздерінің эфирлік уақытын ұсынды. Теледидарарқылы «Balapan» арнасынансабақөткізілуде. Ол сабақтар біздің бағдарламамыздағы тақырыптықжоспарменсәйкескеледі.Арнайымамандандырылған интернет платформаларыарқылыөткізілетінбейнесабақтароқушыларғатүсінбегентақырыптардықайтақарауға, жеке дара оқытуларғамүмкіндікбереді. Сабақтакерібайланыс «Kundelik» электрондыжурналында «WhatsApp» қолжетімдіжелісіарқылыжүргізілуде.Ұлылыққа бас иген ұстаздар қауымы бұл үдеріске де дайын екендерін көрсетуде.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші,ата-ана, оқушы, мұғалім болып жұмылып, еңбек етейік! Құрметті әріптестер, қашықтан оқыту жүйесіне білек сыбана кіріскен білім саласындағы қызметкерлер мен әріптестеріме тек сәттілік және шығармашылық табыс тілей отырып,сабағымыздың сапасын түсірмей, ертеңгі ел болашағы – оқушылардың білімін табандылықпен арттыра берейік.
Әсем Белгібаева,
№110 мектеп-гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *