Қашықтан оқыту кезіндегі тәрбие саласы

Адамзаттық өркениет жолының ең алғашқы қайнар бұлағынан бастап, бүгінгі ақпараттық-технологиялы қоғамға дейінгі аралыққа ой көзімен шолу жасасақ мемлекеттерді, адамдарды, ұйымдар мен топтарды бір-бірінен ажыратып тұрататын басты құндылық – білім мен мәдениет деңгейі екенін байқау қиын емес. Содан болса керек айбарынан адам түгіл ат үріккен Абылай хан «Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, Білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік» деп халықына үн қатыпты. Иә, қазір бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын кезең. Адам өмірі басты капитал болғанда, сол өмірден адаспай өз жолыңды табуда білімнің берері ұшан теңіз. Құдықтағы бақаға аспан теңгедей көрінеді, адамды сол құдықтағы бақа деп қарасақ, өнер-білім, ілім мен ғылымды үйренген сайын таным көкжиегі мен тынысы кеңейе түседі. Ал осы білімділік пен тәрбиені үйретуші — мұғалім. Ол алдына келген шәкіртін ғылым-білімнің шексіз тұңғиығына бойлатып, адасқан сәттерінде темірқазықша жол көрсететін жарық жұлдыз, дұрыс бағытқа қарай нұсқайтын тұсбағдар тәрізді.
Дүние жүзінде орын алған пандемияға байланысты қашықтан оқытуға көшу барысында Алматы қаласы Білім басқармасының бастауымен және Медеу ауданы әкімшілігі мен Медеу ауданы білім бөлімінің қолдауымен №19 жалпы білім беретін мектебінде де бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, мұғалімдерге ноутбук, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына ноутбуктер, лимитсіз интернеті бар роутерлер мен симкарталар таратылды және де төтенше жағдайға байланысты көмекке мұқтаж көпбалалы және азқамтылған мектебіміздің жиырмадан астам отбасына азық-түлікпен көмек көрсетілді.
Елімізде ақпараттық технологиялар мемлекеттік басқару саласында ширек ғасырдан бері табыспен қолданылып келеді. Қазіргі уақытта мемлекет ұсынатын қызметтердің көпшілігі электрондық тәсілмен көрсетіледі. Бүкіл әлемді жаулаған індет Қазақстанды айналып өтпеді. Осы орайда қашықтан оқытуға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес цифрлық ресурстарды ұлғайтуда Ұлттық ақпараттық орталығы білім берудің электрондық оқыту жүйелерін әзірлеген болатын. Барлық орта білім беру орындары қашықтан оқыту кезінде Kundelik.kz., Bilimland.kz., Daryn.online, opig.kz, Imektep, Itest, twig-bilim, Google classroom және басқа көптеген тегін платформалар мен қатар, пошта, радио, Балапан, Еларна телеарналары және WhatsApp, электронды пошта және басқа да мессенджерлерді пайдалануда. Жоғарыда айтылған платформаларды мұғалімдер тек сабақ беру барысында қолданып қана қоймай, жаңа заманауи ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен цифрлық сауаттылығын одан әрі шыңдап, орсан зор тәжірибие жинап, өз білімдерін жан-жақты ұштауда. Бұның дәлелі ұстаздармен бірге шәкірттеріде түрлі форматтағы қашықтық оимпиадаларға қатысып көптеген жүлделі орындарды иеленуде.
Бүгінгі күні коронавирустің таралуына қарсы күрес шараларын күшейту кезінде №19 жалпы білім беретін мектебі қашықтан оқыту форматында «Отбасылық құндылықтар» тақырыбы аясында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Отбасындағы қарым — қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау. Отбасы Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушылардың бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру. Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Қазіргі таңда мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері қашықтықтан оқыту барысында белсенді жұмыс атқаруда. Оның дәлелі аталған сынып сағаты барысында ұстаздар отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала екенін, баланың тәрбиелі жан — жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалын, отбасының берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық, адамгершілік қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керектігін түсіндірді. Сондай-ақ, қашықтықтан оқыту кезінде ата-аналар мен балалардың оқуға деген құштарлығы мен қызығушылықтарын арттыру үшін және жан-жақты қолдау мақсатында мектеп әкімшілігі тарапынан 10 кеңес ұсынды.
Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата — бабасының салт — дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата-ананың ең маңызды міндеті.
«Отан оттан басталады» дейді халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпы адамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады. Тәрбиелі отбасында толыққанды тәрбие алған баланың келешегі кемел, болашағы жарқын болары айдан анық.
Әлемде бірнеше ардақты да құрметті мамандықтар бар. Соның бірі – дәрігерлер. Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты таңдау үлкен жауапкершілікті жүктейді. Себебі дәрігер адам анатомиясын өте терең білумен қатар, кез келген жағдайдағы науқастан жиіркенбейтін, қорықпайтын, адам тағдырына немқұрайлы қарамайтын, күйзеліске төзімді, жүйкесі мықты жандар. Сондықтан да дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп құрметтеген. Алдына ем іздеп барғандарға мейірім төге қарап, ақыл-кеңестерін беріп, күн демей, түн демей жаныңыздан табыла білетін абзал жандарды ұлағаттау әр пенденің азаматтық борышы.
Қазіргі таңда Коронавирусты анықтау, науқастарды емдеу және вирусты одан әрі таралмауы үшін аянбай еңбек етіп жатқан дәрігерлерге №19 Жлапы білім беретін мектептің ұстаздарының, оқушыларының, ата-аналарының атынан абзал жандарға «Мың алғыс!» айтып әлеуметтік желілерге орналастырды.
Дене тәрбиесі жүйесінің басты мақсаты – күш-қуаты мықты, жан-тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан-жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен адамдарды тәрбиелеу, оқушыларды дене тәрбиесі жаттығуларымен мектепте ғана емес, үйде де тұрақты айналысуға әдеттендіру. Аталған үрдісті жалғастыру жолында дене шынықтыру пәні оқытушылары да қашықтан оқыту кезінде үй жағдайында жеке тұлғаны жан-жақты және үйлесімді дамытуға, оның денсаулығын нығайтуға, еңбек ету мен кез-келген қызметті атқаруға, даярлауға бағыттауға өз үлестерін қосуда. Сондай-ақ, өмірге керек қозғалыс ептілігі мен дағдысын қалыптастыруға, оларды жаңа қозғалыстарға, қимыл-әрекеттерге үйретуге оқушылардың дене тәрбиесі мен спортқа деген ынтасын, қызығушылығын оятып, оларды спортпен тұрақты, жүйелі шұғылдануға баулуда.
Бүгінгі таңның ұстазы жаңашыл тұлға. Ол санқырлы, өзгені ғана емес үнемі өзін де дамытып отырады. Заманы қалай өзгерсе бөркін солай бұра сала түлкі заманды тазыша шалып, жаңа коғамға сай бәсекеге қабілетті ұрпақты тәрбиелеу ағартушылардың басты міндеті. Өткеннен өнеге ала отырып, ақпараттың аламанына ат қосарда бүгінгі күннің талабына сай, келешегі жарқын, толыққанды тұлғаны қалыптастыруда мұғалімнің еңбегі ерен.

Думан Құсманов,

Медеу ауданы №19 жалпы білім беретін мектептің директордың тәрбие істері жөніндегі орынбасары

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *