Қашықтан оқыту кезіндегі сапа мәселесі талқыланды

Нұржамал ӘЛІШЕВА

Жаңа оқу жылының қарсаңында білім беру жүйесіндегі жетістіктерді бағалайтын, дайындықты саралайтын, өзекті мәселелердің тиімді шешімін бірлесіп қарастыратын тамыз кеңесі биыл алғаш рет онлайн форматта өтті.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Қашықтық форматында педагогтердің біліктілігін арттыру: жағдайы, проблемалары, келешегі» тақырыбында дәстүрлі тамыз кеңесін өткізді. Кеңеске ҚР БҒМ өкілдері, ОБСЕ ұлттық азшылық істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының білім беру істері жөніндегі сарапшысы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының, Алматы, Астана және Шымкент қалалары мен облыстық білім басқармаларының, қосымша білім беру мекемелерінің басшылары, білім беру ұйымдарының директорлары мен педагогтері, білім басқармалары әдістемелік кабинеттерінің жетекшілері, мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері мен әдіскерлері, жалпы 1500 адам қатысты.
Тамыз кеңесінің пленарлық бөлімінің модераторы – «Өрлеу» БАҰО» АҚ Төрағасы, п.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Ахметова Гүлназ Кенжетайқызы мәжіліске қатысушыларды құттықтап, жаңа оқу жылының табысты болуына ізгі тілегін білдірді және «Қашықтан оқыту жағдайындағы педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесі» туралы баяндама жасады. Модераторы өз баяндамасында заман ағымы, уақыт талабына сәйкес «Өрлеу» БАҰО» Акционерлік қоғамының қашықтан оқу жағдайында мұғалімдерге қолдау көрсету мақсатында орындаған ауқымды жұмыс нәтижелеріне жан-жақты тоқталып, даму көрсеткіштерін әйгілейтін бейнепрезентациямен таныстырды.
Мәжіліс бағдарламасы бойынша № 153 мектептің директоры (Алматы қаласы) депутат, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Ш.Омаровтың «Қашықтан оқыту жағдайында мектептерді басқарудың кейбір ерекшеліктері», ШҚО білім басқармасының басшысы С.Жұмаділованың «Облыстағы білім беру жүйесін басқарудың қашықтық форматының ерекшеліктері», ЕҚЫҰ-ның Ұлттық азшылық істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының білім беру істері жөніндегі сарапшысы А.Стоянованың «Қашықтан оқу: педагогтің ынтымақтастық және кәсіби өсуінің жаңа мүмкіндіктері», Microsoft Қазақстан ТМД елдері мен Қазақстандағы білім секторымен жұмыс жөніндегі жетекші А.Молдақановтың, Microsoft Қазақстан ТМД елдері мен Қазақстандағы білім секторымен жұмыс жөніндегі менеджер Н.Жәнібектің «Білім беру процестерінде, оның ішінде қашықтықтан оқытуда Microsoft цифрлық қосымшаларын пайдалану бойынша мұғалімдердің цифрлық құзыреттіліктерін арттыру және сертификаттау» тақырыбындағы баяндамалары тыңдалып, әдіскер мұғалімдер озық тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шара барысында қашықтан оқыту форматындағы білім беру жүйесінің жұмысын ұйымдастыруға қатысты мәселелер жан-жақты талқыланды. Аймақтың білім басқармасынан жеке мектепке дейінгі қашықтан білім беру жағдайында жұмысты ұйымдастырудың басқарушылық шешімдерінің тәжірибесі ұсынылды.
Сонымен қатар пленарлық отырыста «Өрлеу» БАҰО» акционерлік қоғамының YouТube порталындағы «Өрлеу Білім каналында» орналастырылған цифрлық ресурстарымен таныстыруға арналған видеоролик көрсетілді. Мұндағы оқу сапасын арттыруды көздейтін әдістемелік материалдардың барлығы мұғалімдер үшін жасалған. Каналдағы цифрлық ресурстар өрлеуліктердің білім беру жүйесін дамыту жолындағы тынымсыз еңбегінің айқын дәлелі іспетті.
Мәжіліс пікірсайыс алаңындағы жұмыстармен жалғасты.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close