Асхат азаматтық танытты

Өмір болған соң, түрлі жағдайдың болатыны заңды. Әсіресе, қиналып, қамыққан кезде қол ұшын созып, көмек көрсеткен жандардың жақыныңдай болып кететіні бар. Біздің қанымызда бар қайырымдылық жасап, көпшіл болып, жартыны бөліп жейтін қасиетіміз тап осы қиын кезде де көрініс алды. Қайырымдылық жасап, көмек көрсетудің үлкен, кішісі болмайды.
Қалалық мәслихат депутаты Асхат Шелекбаев кезінде үміткер ретінде өз сайлаушыларының аманатын арқалап, өзінің бағдарламаларымен таныстырған еді. Азаматтық танытып берген уәделерін орындады. Әлі де орындалуы тиіс уәделері бар. Осы азаматтың дәл осы бір қиын кезде өзінің округіне мойын бұрып, көмек қолын созғаны бізді тағы да тәнті етті. Жетісу ауданындағы №108 жалпы білім беретін мектептің 50 отбасына қаржылай көмек көрсетті. Арнайы жасалған тізім бойынша өз қаржысынан үлестіріп берді. Мұндай көмекке отбасылар ағынан жарыла қуанып, азаматқа алғыс айтумен болды. Шыны керек, тап қазіргідей жағдайда көрсетіліп жатқан көмек түгіл, бір ауыз жылы сөздің өзі жаныңды жадыратып жібереді. Асхат Қашқынбайұлының көрсетіп жатқан көмегіне біз де бір ауыз жылы сөзімізді білдіргенді жөн көрдік.

Гүлжан Рахманбекова

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *